№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖОМАРТ БОЛ, БІРАҚ МАҚТАНҒА САЛЫНБА

ЖОМАРТ БОЛ, БІРАҚ МАҚТАНҒА САЛЫНБА

Бір кісі кетіп бара жатып жолдың үстінде өсіп тұрған тікенді көреді. Біреу-міреуге зияны тиіп кетер алып тастайын деп ойлағаны сол екен, мына жақтан жалқау нәпсінің үні естілді: 
– Соны істеуге сенен басқа адам құрып қалып па? Тиіспе, тұра берсін. 
Бірақ ішкі ар-ұжданы қарсылық білдірді: – Жоқ, алып таста, сауап болады, Алла бұл ісіңе қуанады. 
Адам кейінгі ақылды жөн көріп, тікенді жолдан алып тастады. Осы кезде нәпсі тағы бір жаман ой салды: 
– Тақуа адамдар ғана осындай істер жасап жүреді. Біреу-міреу көрсе, жақсы болар еді, сыртыңнан мақтап айтып жүретін. 
Бірақ ар-ұжданы тағы оң ниетке тартты: 
– Жоқ, бұл сауапты істі саған істеткен Алла тағала. Сол тікенді жұлып алып, лақтыратын қуатты да берген Алла тағала. Ендеше, менменситін еш жөнің жоқ. Одан да Аллаға мадақ айт. 
Осы сәт іркіліп бойын тез жиып ала қойған әлгі кісі жүректегі иман таразысының оң жағы ауыр басқанына шүкірлік етті.
ТҮЙІН. Мұнымен не айтқымыз келді. Қазіргі қоғамда жомарттық жасап, жұртқа мақтануды сәнге айналдыру тым көбейді. Біреу менің жақсылығымды көріп, елге жария етсе екен, тіпті кейбірі газет беттерінен өзін мақтаса деп тұрады. Алайда, Алла разылығы үшін жасаған сауап мың есе артық. Осыны ұмытпайық, ағайын...
27 ақпан 2019 ж. 874 0