№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медиация тәртібімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босатылды

Медиация тәртібімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босатылды


Жаңақорған аудандық сотымен сотталушы У және жәбірленуші Е-пен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

         Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, сотталушы У 2017 жылдың қыркүйек айының бас кезінде жәбірленуші Е-пен Жаңақорған кентінің орталығында кездесіп, өзінің «Шалхия ЦИНК ЛТД» мекемесінде жұмыс жасайтынын, сонда басшы қызметте ағасы бар екенін айтып, аталған танысы арқылы жұмысқа тұрғызып орналастырып бере алатындығын айтып, жалған айтқанын, одан кейін сотталушы У 17.09.2017 жылы сағат 10:00 шамасында жәбірленуші Е-тен Жаңақорған кенті, Ипподром көшесіндегі үйінің алдында, «Шалхия ЦИНК ЛТД» мекемесінде жәбірленуші Е-тің інісін жұмысқа орналасу үшін, 80 000 теңге ақшасын алғанын, нәтижесінде жәбірленушіЕ-ке 80 000 теңге  мүліктік шығын келтірген.
Сот қаулысымен сотталушы У Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68 бабының 1 бөлігінің талаптарына сай қылмыстық жауаптылықтан босатылды, ол жөнінде Қазақстан Республикасы ҚК-нiң 190 бабының 1 бөлігімен айыпталған қылмыстық іс тоқтатылды.
Г.Жүсіпалиева,
Жаңақорған аудандық сотының бас маманы.
23 қаңтар 2018 ж. 1 197 0