№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Жаңақорған аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы И.У.Тунгышбаев сотталушы Т. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен қаралған қылмыстық іс бойынша сұхбат берді.
Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы Т., Жаңақорған кенті А.Иманов көшесінде орналасқан, тұрғын үй емес ғимаратынан ойын мекемесін заңсыз  ашып, 7-дана процессор, 8-дана монитор, 5-дана клавиатура, 5-дана мышка, 5-дана теледидар, 2-дана чек принтері лазер тұтқасымен, 1-дана модем құрылғысын орнатып, ғаламтор желісіне қосып, «Keno» және «Fortuna» букмекерлік ойындарын ойнатуға мүмкіншілік беретін «https://abdur.cc/abm/main. php, https:// abdur.cc/ abm /, https:// olimp.kz.com/ index. php? Page = mt & nolive =1. https://1xbet/https://olimp.kz» программалық сайттарын тікелей қосқан.
2019 жылдың 29 шілдесі сағат 16:30 шамасында  Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің жедел қызметкерлерімен жүргізілген жасырын бақыланатын сатып алу барысында жасырын бақыланатын сатып алу жүргізуге өз еркімен келісім берген азамат А.,осы ойын мекемеінде оператор Ха., 1 дана 200 теңге ұсынып, «Кеnо» ойынын таңдап,  ойнап, нәтижесінде 200 теңгенің үстінен 400 теңге ұтыс ұтқан.
Сотта сотталушы Т., жауабында, өзінің кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін көрсетті.
Аудандық соттың үкімімен сотталушы Т., Қазақстан Республикасының ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, 1 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп және жылына бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке  тарту жазасы тағайындалды.
Брифинг соңында БАҚ тілшісі қылмыстық туралы іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
09 қазан 2019 ж. 614 0