№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлеуметтік желі қажеттілік пе, әлде дерт пе?

Әлеуметтік желі қажеттілік пе, әлде дерт пе?

Халқының 95 пайызы интернетке қосылған, әлемдегі ғаламторды ең көп пайдаланатын елдің бірі – Оңтүстік Корея. Бұл елде жасы отызға жақындаған жастар кәрілік симптомдарымен ауруханаға жиі келетін көрінеді. Ол симптомдарға есте сақтау қабілетінің нашарлауы, зейіннің әлсіреуі және ұйқысыздық жатады. Дәрігерлер оларға «компьютерлік ессіздік» деген диагноз қойып, дертіне дауа іздеуге көшкен. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда балалардың компьютерлік ойындарға әуестігі күннен-күнге артып келеді. Ал жұмысбасты ата-аналар баласының ойынға тәуелді болып қалғанын байқамай қылып жатқан жоқ па? Осы сауалға жауап іздеп, тақырыпты кеңінен тарқатуға кезек берсек.

Компьтерлік ойындардың зиянын біле тұра оған мән беріп, шектеу қойып жатқан ата-ана жоқтың қасы. Бар. Бірақ тым аз. Өйткені технологияның дамыған заманында әрбір үйдің бұрышында компьютер, балалар бөлмесінде телефонға телмірген өрендер. Балалардың көпшілігі бос уақытын осы көгілдір экранның алдында немесе смартфоннан түрлі ойын ойнаумен өткізеді. Ал мұндай атыс-шабыс, үрей туғызатын ойындардың бала дамуына тигізетін зияны шаш-етектен екені айтпаса да айқын. Баламен қатар компьютерлік ойындарға үлкендер қауымы да құмартып жатады.

САЛА МАМАНДАРЫ НЕ ДЕЙДІ?

Әлеуметтік педагогтардың сөзіне сенсек, виртуалды ойындарға тәуелділік баланың 3-4 жасынан басталады. Оның алдын алып, ойын шырмауынан шығармасақ, баланың болашағы бұлыңғыр, келешегі құмар ойындарына салынып кетуі әбден мүмкін. Бұл психолог мамандардың дәлелді пайымы. Жергілікті балалар дәрігері Кенжеқыз Әмелбекқызының да өзіндік айтар ойы бар.
– Бүгінгі таңдағы балалар арасындағы талма, ашушаңдық, жүйке жүйесінің әлсіздігі осы компьютерлік ойынға тәуелділіктің салдарынан деуге болады. Сондықтан баланы барынша телефоннан алшақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстануға баулыған жөн. Әрине технологияның дамыған заманында компьютер және ұялы телефонды мүлдем қолданбау мүмкін емес. Десе де, баланы белгіленген уақытқа үйрету қажет. Яғни мектеп жасындағы балаға 10-15 минуттан, күндігіне 30 минут қолдану жеткілікті, – дейді балалар дәрігері.
Оған қоса, дәрігер 3-4 жас аралығындағы балаларға мүлдем телефонға телміруге болмайтынын ескертті. Өйткені ой өрісі енді қалыптасып келе жатқан баланың психологиясы бұзылып, физикалық жағынан да артта қалады екен. Байқасаңыздар компьютерлік ойындардың дені атыс-шабыс, төбелес болғандықтан оны ойнаған бала бірде жеңеді, бірде жеңіледі. Жеңілген бала оны көтере алмай, ашуға булығып ортамен байланысын үзеді. Сонымен бала өзіне виртуалды әлем жасап, сондағы ойын кейіпкерлерімен достаса бастайды.
Кент тұрғыны, көп балалы ана Айнұр Әлібекқызының да айтары бар.
– Бірде смартфоннан кішкентай екі ұлым ойын ойнап отырды. Күнделікті күйбең тіршілікпен аса мән бермедім. Қателеспесем, шаршы алаңға шығып, жекпе-жек сайысында қан-жоса қып төбелесіп жатқан. Кенет кішкентай ұлымның жылап жатқанын естіп, жүгіріп барсам, үлкен ұлым інісінің мойнынан қылқындырып жібермей жылатып жатыр. Аналық ақылымды айтып, қайта татуластырғандай болып, ұлымнан неге жылатқанын сұрадым. Сөйтсем, інісінің бір емес, бірнеше рет виртуалды төбелесте жеңіп кеткеніне қызғанып, ақысын шынайы өмірде қайтарған түрі екен. Шынында бұл ойланарлық, ой саларлық дүние, – дейді кент тұрғыны бізбен әңгімесінде.

ВИРТУАЛДЫ БАТЫРДЫҢ БҮГІНГІ БЕЙНЕСІ

Расында мұндай баланың бойында мейірімділік, бауырмалдық сынды қасиеттер жоғалып, орнын өшпенділік қатыгездік жаулап бала қоғамнан алшақтай бастайды. Біріншіден бұл баланың психологиясын уласа, екіншіден физикалық дамуы жағынан тежеледі. Бұл көріністі смартфонға жақын әрбір отбасынан көруге болады. Сондықтанда баланы үнемі бақылауда ұстауға барынша уақыт бөлген абзал. Бұл тұрғыда психолог маманның да пікірін біліп, кәсіби кеңесін тыңдадық.
– Жалпы қабырғасы қатпаған, әлемге көзқарасы толық қалыптасып үлгермеген бала компьютер арқылы қажетті ақпарат алып, ондағы ойындар арқылы зұлым және беймәлім әлемге араласуда. Компьютерлік ойындарға бағыныштылық халық ойлағаннан да қауіпті. Көптеген ата-аналар үшін ол ойындарға көмекші-құтқарушы есебінде қарайды. Қосып береді, бала сағаттар бойына тыныш отырады, ешкімнің мазасын алмайды, көшеде жүрмейді. Осының себебінен бала ойын кезінде өзін «компьютер батыры» есебінде сезінеді де, сол «батырлықты» ешқандай ойсыз көшеде қайталайды. Компьютерлік ойындар баланың еңбекқорлық қасиетін жоғалтады, мақсатқа ұмтылуға еш тырыспайды. Компьютерге бағыныштылықтан бала кейде достарын, ата-анасы, мектепті ауыстыруда және бұл процесс балада тез қалыптасады, – дейді психолог маман Арай Даниярова.
Сондай-ақ психолог маман компьютерлік бағыныштылықтың алғашқы критерийлерін атады. Біріншіден, себепсіз ашуланшақтық немесе енжарлық, көңіл-күйдің тез өзгеруі, ескертулерді ақыл-кеңестерді ауыр қабылдауы басталады. Екіншіден, ата-анасына, достарына қарсы оппозиция ұстануы біліне бастайды. Үшіншіден, сабақ үлгерімінің төмендеуі, өтірік айту, үйден бағалы заттар, ақша жоғалу. Ең қауіптісі балада «МЕН» тұлғалық сенімі жоғалады, өз әлеміне еніп, тұйықталып кетеді екен. Сондықтан ата-аналар қауымы балаларына барынша көңіл бөліп, оның ішкі жан дүниесіне үңіле білуі тиіс.
Қорыта айтқанда, виртуалды әлемге тәуелділік жеткіншектердің психикасына әсер ететіні сөзсіз. Оған қоса, баланың араласатын ортасына да зияны мол. Жасөспірім бала компьютерлік ойында қиратып, өртеп, ұрып жеңіске жеткен сайын өзіне керекті адреналинді ала алмай қалса ол, өзін жаман сезініп ауру адамға айналады. Сондықтан ол енді күнделікті осы ойыннан адреналиннің қанындағы өзгерістері болып тұруы үшін әлгіндей ойынға құмарланып, іздеп тұратын болады. Сондықтанда компьютерлік ойындарды жетік меңгеріп, шамадан тыс пайдалану әсіресе, жасөспірімдердің жүрегін қатайтып, айналасындағы адамдар мен тіршілік атаулыға мейірімдерін азайтатынын әсте естен шығармаған абзал.

Майра ҒАНИЕВА
09 қазан 2019 ж. 2 427 0