№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Серік Ибрагимов Жаңақорған колледжінде

Серік Ибрагимов Жаңақорған колледжінде

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі жастар шоғырланған оқу орны. Сондықтан колледжде жастардың рухани-мәдени кемелденуіне септігі тиетін шаралар көп болғаны дұрыс. Осыны басшылыққа алған «Жаңарған Жаңақорған Жастары» Қоғамдық қоры қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, Серік Ибрагимовпен колледж жастарын жүздестірді. Рухани тәрбиемен қатар, өрелі ойлар ақтарылып, кездесу соңы әсем әндермен жалғасын тапты.
«Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәр­лікпен атсалысу – шынайы патрио­тизмнің маңызды көріністерінің бірі». Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтқан өрелі ой. Туған жерді кие тұтуды өсиет еткен Елбасы «Туған жер» бағдарламасын ұсынған болатын. Игі бастама ауданымызда жүйелі жүзеге асуда. Жаңақорғаннан шыққан талантты тұлғаларды, туған жердің танымал перзенттерін өскелең ұрпақпен жүздестіріп, жан-жақты мотивация беру – «Жаңарған Жаңақорған Жастарының» негізгі бағытының бірі. Сондықтан қашанда аудан жастарына қамқорлық танытып жүретін, аудандық мәслихат депутаты Арман Мажитов келелі кездесуге себепкер болды.
Әуелі әншіге бой тіктеп өсіп келе жатқан, жас талант Әзизбек Тасболатов әншінің репертуарындағы «Тфәй-тфәй» әнін орындады, ал колледж студенті Қуаныш Байболат «Махаббатым» әнін тамылжыта шырқап, құлақ құрышын қандырды. Әншінің өнеріне деген құрметтің жоғарылығын көрсетті. Мұнан кейін сөз алып, жылы лебізін ақтарған Серік Ибрагимов:
–Туған жерге келіп, туған топырақты емірене басып, сағынышым басылғандай. Зәулім сарай мен керемет қалада, тіптен шетелде жүрсек те, атамекеннің орны бөлек, ағайынның жылылығы жоғары. Сондықтан, кім қай деңгейге жетсе де әуелі жергілікті жердің киесін ұмытпауы керек, туған жерге құрмет жоғары болуы тиіс. Өнер адамы болған соң, жер-жерді, түрлі менталитетті көріп жүрміз. Десе де, өз жұртымның қанында сақталған қазақылыққа, бауырмалдылық пен қонақжайлылыққа тәнтімін, – деді. Әнші алға нақты мақ­сат қою арқылы жетістікке жетуге болатынын, ізденіс пен еңбек адамды ширататынын жеткізді.


Мұнан кейін «Жаңарған Жаңақорған Жастары» қоғамдық қорының жетекшісі Еркінбек Айнақожаев, аудандық мәслихат депутаты Арман Мажитов және «Қамқор» әлеуметтік дүкенінің жетекшісі Наржан Молдабеков пен көшбасшы жас Наурызбай Орынбасар алда атқарылар жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ колледж жастарын бірлесе жұмыс жасауға, игілік жолында жарысуға шақырды.
Тұшымды әңгімеден соң студенттер әншіге арнап шығарған өлеңдерін оқып, сауалдарын жолдады. Еркін форматқа ұласып, жастардың қызығушылығын оятқан кездесу соңы әншінің танымал әндері «Жаяу», «Вокзалда қауышқан қыз», «Айнамкөз гитарамды берші маған» әндерімен, жалғасын тапты.


Салтанатты шараның қорытын­дысында сөз алған колледж директоры Жомарт Шауенов:
– «Жастар жылы» аясында ұйымдас­тырылған бұл кездесудің берері мол. Серік бауырымыздың өнерін біздің студенттері құрметтейді, сыйлайды, еліктейді. Оның дәлелі деп, әуелете ән салып, өнерге еліктеп жүрген жастарды айта аламыз. Басқа қонған бағыңыз жана берсін, біз соған қашанда тілекшіміз, – деді.
Әрі қарай колледждегі кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғалым Мампаев әншінің туған жерге арнайы келгеніне алғаусыз алғыс айтып, әнші мен «ЖЖЖ» жастарына сый-сияпат үлестірді. Соңыра, әнші мен колледж студенттері естелік фотоға түсіп, дидарласты.

                                                                                                                                     Ханзада ДОШАН
24 қыркүйек 2019 ж. 1 212 0