№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАСАМПАЗДЫҚ

ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАСАМПАЗДЫҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі 10 бағытының бірі – «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ұлықтау. Бұл бағытта Жаңақорған ауданында ілкімді істер бар. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында аудан көлемінде түрлі форматта 40 астам шара өткен. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» атты кіші бағдарламасы аясында туризмге қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан кәсіпкерлерінің қаржыландыруымен 23 наурыз күні Хорасан ата кесенесі жанынан жаңадан 17 орындық типтік жобада қонақ үй ашылып пайдалануға берілді. Ал 20 сəуір күні аудандық мəдениет үйінде оқушылар арасында «Анаға хат» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылды. 18 мамырда М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде ислам өркениетінің ғұламасы, атақты ғалым Хусам ад дин әс-Сығнақидың еңбектерінің шет-елдерде және ұлы қазақ даласында зерттелуінің үрдістеріне қатысты «Хусам ад дин әс-Сығнақи әлем таныған ұлы ғұлама» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. «Жаңарған Жаңақорған Жастары» еріктілер тобының бастамасымен 6 маусым күні тұрмысы төмен 1 отбасыға жаңа типтегі үй табысталып, «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығынан тұрмысы төмен отбасыларға тегін киім-кешек үлестіретін «Қамқор» әлеуметтік дүкені ашылды. Бағдарлама бойынша тиісті шаралар өз жалғасын табатын болады.
27 шілде 2019 ж. 720 0