№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тұңғыш қазақ елшісіне тағзым

Тұңғыш қазақ елшісіне тағзым


Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Рухани қазына» және «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды. Осыған орай Қандөз ауылдық округінде өткен рухани-мәдени шара Қызылорда қаласының 200 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығы және қазақтан шыққан тұңғыш елші Нәзір Төреқұловтың өмір жолы арқау болды. Өскелең ұрпаққа ғалымның ғибратын дәріптеп, өмір деректері мен тәрбиелік мәні бар әдебиет жолындағы еңбектерін насихаттау мақсатында «Тұран елдің тау тұлғасы» -атты жазба ақындар мүшайрасының шымылдығы түрілді.
Мүшайраға 16-30 жас аралығындағы 12 ақын қатысты. Әр қатысушы көрермендер мен қазылар алқасына өздерінің екі өлеңдерін ұсынды. Қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловқа арнау оқу және Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерей тойына , Жаңақорған ауданы және Халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығына арналған шығармасын жатқа оқудан бақ сынады. Аудандық шараны Қандөз ауылдық округінің әкімі Роза Исаева ашып, ақындарға тілегін жеткізді.
Ақын, нәзіртанушы Нұрмахан Назаров төрағалық еткен алқа құрамында «Жаңақорған тынысы» газетінің бөлім меңгерушісі Мақпал Марқабай, М. Қөкенов шығармашылық өнер мектебінің директоры Уәлихан Ибрагимов еніп, ақындардың шығармаларына талдау жасады.
Қорытынды нәтижеде «Бас жүлдені» жайылмалық ақын Наржан Бижанов иеленсе, бірінші орын қандөздік ақын Сымбат Байарыстановаға бұйырды. Екінші орынды Сүттіқұдықтан келген Хантөре Ақтөреұлы жеңіп алса, үшінші орынға Талап ауылының ақыны Сағи Биғабылов және Жаңақорған кентінен қатысқан Айдос Бидашев тұрақтады.
М. Көкенов шығармашылық өнер мектебінің директоры Уәлихан Ибрагимов керемет кеш сыйлаған ауыл әкімі Роза Исаева және Қандөз ауылдық клуб ұжымының директор Рысбаев Лесбайға алғысын жеткізді.
Шарада Б. Байкенжеев өнер мектебінің маманы, әнші Әбсұлтан Бексұлтанұлы тамаша әннен шашу шашты. Түркістан қаласынан келген Нәзір Төреқұлов музейінің директоры Бақытжан Жорабеков Нәзір Төреқұловтың кіндік қаны тамған Қандөз ауылының тұрғындарына тың жаңалығымен бөлісіп, музей жұмысын таныстырды.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
17 сәуір 2018 ж. 1 727 0