№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шағын мемлекет шырайы

Шағын мемлекет шырайы

Бесарық бекеті клуб үйінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі отбасы мерекесі  дөңгелек үстел түрінде жалғасын тапты.
Баланың бақытты болуы ол терезесі тең, керегесі кең отбасына байланысты.
Ауылдағы осындай отбасылардың бірі – Сыздықовтар отбасы. Отбасы иесі Қияс Сыздықов ардагер теміржолшы, Нәзипа Шалаева он саусағынан өнер тамған шебер. Алты ұл-қыз тәрбиелеп, немере сүйіп отырған үлгілі әулет. Бүгінде Назипа апамыз келіні екеуі тоқыма тоқу, киіз басу, қазақша көйлек тігу, құрақ құрау, зергерлік бұйымдар жасап, ежелден келе жатқан қазақтың ұлттық бұйымдарын елге дәріптеп келеді.
Осы ауылдағы тағы бір өнегелі шаңырақ – Сүлейменовтер отбасы.  Әбжаппар Сүлейменов №247 мектепте ұстаз болумен қатар өз үйі алдында наубайхана ашып, халық игілігіне қызмет етіп жүрген кәсіпкер. Жары Дүйсенкүл Бажиева ұл-қыз тәрбиелеп, немере сүйіп отырған ардақты ана.
Мерекелік шараға арнайы шақырылған Сандуғаш жалғыз басты ана болса да  мүмкіндігі шектеулі қызына қамқорлық көрсетіп, ешкімнен кем етпей тәрбиелеп, бір отбасының ұйытқысы болып отыр. Перзентін қоғамнан таса ұстамай, бойындағы қабілетін танытуға тырысып, бала көңілге қуаныш сыйлап жүр.
Әр отбасы мүшелері өзі өмір жолы, осы дәрежеге жету жолындағы қиыншылықтары жайлы айтты. 
Әрі қарай осы отбасылардың ұл-қыздары өнерлерін көрсетіп, ата-әжелеріне деген ыстық лебіздерін әнмен, жырмен жеткізді.
Екі түрлі отбасында тәрбиеленген балалар жайлы бейнероликтер көрсетіліп талқыланды.
Аудандық  емханада «Отбасы – бақыт мекені»  апталығы аясында Гүлнара Ибрагимова баланы тамақтандыру, баланың дамуына және бүлдіршіндердің қоршаған ортаға   бейімделіп, салауатты ұрпақ болып өсуіне жағдай жасау жайлы ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда баланың денсаулығына салғырт қарайтын ата-аналардың көп екендігін, соның салдары ауыр жағдайларға әкеліп соқтыратынын айтып, осы жағдайлардың алдын алу мақсатында дер кезінде дәрігердің көмігіне жүгініп, уақыты ем қабылдауы  керек екендігін саралап жеткізді.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Жайна Жиенбаева отбасы – елдің тірегі екенін, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отбасы құндылықтарын үздіксіз дәріптеу қажеттілігін айтты.
                                                                                             
Майра Ғаниева
22 қыркүйек 2019 ж. 845 0