№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ОТ ЖАҒУДА АБАЙ БОЛҒАН ЖӨН

ОТ ЖАҒУДА АБАЙ БОЛҒАН ЖӨН

Жылу пешін пайдалану ережесін бұзу, сақтамау от жағу маусымы кезіндегі өрт шығудың бірден бір себебі. Қазіргі таңда ауданымызда жеке тұрғын үйлердің жартысынан көбі қыстың күні қатты отынмен (көмірмен) жағылатын жылу пешімен жылытуды пайдаланады. Көптеген азаматтар, жылу пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамауы өзінің тұрғын үйіне және жақын адамдардың өміріне қауіп туғызады. От жағу маусымы кезінде өрттің шығу себебі қатты отынмен жағылатын жылу пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан болып отыр. Осы өрт оқиғаларының ішінде жылу пешін орнату кезінде каркас (ағаш, қамыс) қабырғалардан, бөлме аралық қабырғаларының, төбе жабуының жанғыш бөліктеріне түтін шығу құбырларынан өртке қарсы аралық қалдырмау, жарылған түтін шығу құбырларын пайдалану, ағаш еденнің үстіне жылу пешін орнату, жылу маусымы басталар уақыт алдында жылу пешін, түтін шығу құбырларын жөндеуден және тексеруден өткізбеу себеп болуда. Сонымен қатар, түтін шығу құбырларын ыстан уақытылы тазаламаудан көмірден бөлінген көмір қышқыл газы тұрғын үй ішіне тарап түтіндеу, тұрғын үй иелерінің иістену жағдайлары да жиі кездесуде. Осыған байланысты жылу маусымы кезінде өз тұрғын үйлеріңіздегі жылу пештеріңізді, түтін шығу құбырларыңызды үнемі тексеруден өткізіп, от жағу уақытында жылу пештеріңізді қадағалаусыз қалдырмаңыздар. Жылу пешін пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау сіздің өміріңізді, дүние мүлкіңізді болуы мүмкін өрттен, бақытсыз жағдайлардан сақтайды.
Жылу пештерін пайдалану кезінде: 
1) пеш алдындағы қаңылтырға жанғыш заттар мен материалдарды және жанар-жағар майларды орналастыруға;
2) пештерді тұтандыру үшін бензин, керосин, дизельдік жанар – жағар майларды және басқа да тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтарды қолдануға; 
3) жылу пештеріне шамадан тыс отын толтырып от жағуға; 
4) пештерді газдармен, көмірмен және кокспен жағуға арналмаған отынның түрлерімен жағуға;
5) отқа оттықтың мөлшерін арттыратын ұзын ағаш салуға болмайды; 
6) пешке отынды, киімдерді және жанғыш заттар мен материалдарды кептіруге және қоюға; 
7) газ және желдеткіш каналдарын түтіндеткіш (моржа) ретінде қолдануға; 
пешті шамадан тыс қыздыруға тыйым салынады.
Құрметті тұрғын үй иелері жоғарыда көрсетілген ескертпелерді қатаң сақтап, жылу пешіңізге абай болыңыздар.
12 желтоқсан 2018 ж. 1 125 0