№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰСТАЗ БЕДЕЛІМЕН ЕЛЕУЛІ

ҰСТАЗ БЕДЕЛІМЕН ЕЛЕУЛІ

Ұстаздық – жауапты мамандық. Мемлекеттің өркендеуінде ұстаздардың біліктілігіне, біліміне һәм қоғамдағы беделіне де байланысты. Себебі білімділер салтанат құратын дәуірінде өмір сүрудеміз.

Яғни адами капитал экономикада шешуші күшке айналды. Алдымен адами капитал дегеніміз не? Соған тоқталайық. Адами капитал дегеніміз – адамның бойындағы білімі, қабілеті, тәжірибесі, даналығы, іскерлігі, бүгінгі бәсекелестік замандағы оның адамдық, кәсіби құндылығы. Осыған байланысты білім, енді, экономикалық категорияға айналды, ақшалы адам емес, білімді адамның мәртебесі жоғары болады.
Ал оған ұстаздардың қандай қатынасы бар. Соған тоқталсам. Ұстаздар бала санасына жақсылық атаулыны сіңіріп, тұлға ретінде қалыптастыратын рухани күшке ие.
Жалпы білім беру жолында озық жүйені құрып, педагогтардың біліктілігін арттырып, олардың қоғамдағы беделін айқындау маңызды жұмыс. Сондай-ақ, шет тілдерін еркін меңгеру, цифрлы білім беруді дамыту мәселесі де шет қалмауы тиіс. Әсіресе робот технология, IT салада біздің оқушылар шет қалмауы тиіс.
Жалпы білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажеттігілі туындауда. Яғни ұстаздар алдында білім берудің жаңа сапасына көшу, кәсіби даму тұрғысынан жаңа белеске көтерілу талабы тұр. Мұндай биікке мұғалімнің мәртебесін көтеру арқылы жетуге болады. Өйткені жауапкершілікті сезінген педагог бәсекеге қабілетті болудан аянбайтыны белгілі.
Бүгінде ауданымызда типтік жобадағы заманауи мектептердің саны артты. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға басымдық берілуде. Мектептер бейнебақылайтын құралдармен қамтамасыз етіліп, тәжірибелік жұмыс жүргізетін физика, химия, биология кабинеттері жарақтанды. Интративті тақталар саны артып, интернетке қосылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушыларымыз облыстық, республикалық білім бәсекелерінде бәсі жоғарылауда.
Ағартушы Ыбырай Алтынсарин туған халқын оқу-білімге шақырып, жастарға жарық сәулесін таратты. Бұл міндет бүгінгі ұстаздың да мойнынан түскен жоқ.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарға ұдайы көңіл бөліп, олардың әлеуметтік тұрғыда қорғалуына мән беруде. Тамыз конференциясына арнайы қатысып, ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетінін айтқан еді. Жолдауда осыны қадап айтты. Әрине, бұл – ұстаздар қауымын қуантты, әрі жауапкершілікті сезіндіре түсті.
Ата-анада ұстаздың мәртебесін көтеруге ең бірінші қолдау көрсету керек. Ұстаздың талабы балаға сапалы білім беру болса, тәрбие де қабатында жүретіні сөзсіз. Бірақ негізгі тәрбие отбасында екенін ұмытпайық! Сондықтан ата-аналар баланың жүріс-тұрысын бақылап, қадағалауын үзбеу керек.
Қадірлі ағайын, мектеп өміріне үңіле жүруіміз керек. Сонда біз мұғалімдердің жұмысының өте ауыр екеніне көзіміз жетеді.
Еліміздің болашағы жастарға білім мен тәрбие беріп жүрген ұстаздарды құрметтейік.

Ізәтілла НӘРЗІЛДАҰЛЫ,
аудандық ата-аналар
Кеңесінің төрағасы
14 қыркүйек 2019 ж. 851 0