№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІЗДЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ҚАНША ПАЙЫЗ?

БІЗДЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ҚАНША ПАЙЫЗ?


2017 жылдың мамыр айында Қазақстандағы жұмысбастылық тізімінде тіркелген жұмыссыздар саны 92,2 мың адамға жеткен. Бұл туралы Еуразиялық экономика комитеті хабарлаған болатын. Еуразиялық экономикалық комитеттің мәліметінше, Еуразиялық экономикалық одақ азаматтарының еңбек биржасында тіркелгендер саны мамыр айының соңында 1 миллионнан асқан. Бұл белсенді халықтың 1,2 пайызын құрайды.
2016 жылдың мамыр айымен салыстырғанда жұмыссыздар саны Арменияда 1,3 пайызға, Беларусьта 25,8 пайызға, Ресей 16,5 пайызға кеміген. Ал Қазақстан мен Қырғызстанда керісінше 28,7 және 5,2 пайызға артқан. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, еуразиялық одақтағы жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 5,6 пайызын құрады. Хош. Республикадан өзіміздің ауданға тоқталсақ.
2017 жылға аудандық статистика басқармасының мәліметіне сәйкес, экономикалық белсенді халық саны 34428, жұмыспен қамтылғандар 32601. Оның ішінде, жалдамалы қызметрлер саны 13622, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 19069, жұмыссыздар 1737 адам. Осыдан жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыз, жастардың жұмыссыздық деңгейі 43, пайызды құраған.
Жалпы Жаңақорғандағы жұмыссыздық деңгейін білмек мақсатта аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жаңабек Тұрлыбековты сөзге тарттық.
– Өткен жылы қабылданған халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспар аясында 3315 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, оның 1566 жұмыссыздар, 1075 нәтижесіз жұмыспен қамтылатындар, 674 лайықты жұмыс іздеушілер қатарында. Жүйелі ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде 3721 адам жұмысқа тартылып, жылдық жоспар 112 пайызға орындалды – деді орталық директоры.
Сондай-ақ орталық директоры бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізу арқылы көптеген жаңақорғандықтар «екі қолға бір күрек» тауып жатқанын тілге тиек етті. Ай сайын өткізілетін жәрмеңкені жұртшылыққа асыға күтеді екен. Оған қоса, мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойыншада бірқатар нәтижелі жұмыс жасалынып жатқанын жеткізді. Яғни, қолдау қаржыға қол жеткізіп, кәсібін дөңгелетіп отырғандардың саны артқан.
Жалпы ресми дерекке сүйенсек, соңғы 15 жылда елдегі жұмыссыздық деңгейі 13 пайыздан 4,9 пайызға төмендеген. Әрине, бұл жұмыссыздықпен күреске мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының қомақты екендігінде. Бұл бағытта «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламаның көмегі мол. Бағдарлама аясында тұрғындардың оқыту курсынан өтуі, не өзге солтүстік өңірлерге көшіп-қонуына жағдай жасалуда. Мәселен, азаматтар өзге өңірге бой үйреткенше мемлекет демеп жібереді. Біріншіден, халқы тығыз орналасқан өңірлер анықталып (елдің солтүстігі), кадр тапшылығы байқалған облыстардың ахуалы таразыланады. Екіншіден, көші-қон кезінде қаржылай көмек қарастылып, адамдардың бастапқы бейімделуі мен жол пұлы, жүк тасымалы сынды шығындар жабылады. Үшіншіден, көшу жайлы шешімді жұмыс іздеуші жан өзі дербес қабылдайды, ешқандай міндеттеу болмайды. Бүгінгі таңда республика бойынша 442 отбасы тұрғылықты жерін ауыстырып, еңбекпен қамтылған. «Жұмыспен қамту» бағдарламасының осындай мол мүмкіндіктері елдегі жұмыссыздық деңгейін одан әрі төмендетуге сеп болары сөзсіз.
27 ақпан 2018 ж. 10 133 3

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 14:50
Priligy Sin Receta Mexico Kjop Lasix Buy Propecia Finasteride Online order cialis online Free Shipping Generic Pyridium In Usa Cephalexin In The Penicillin Family Cephalexin Description

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 03:37
Levitra Reimport Diflucan Online Pharmacy On Line Pharm priligy y cialis son compatibles Levitra 10 Mg Que Produce La Propecia Metronidazole Without Prescription

BennyCruch от 8 сәуір 2019 03:40