№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Гулжайнаға сүттіқұдықтықтар дән риза

Гулжайнаға сүттіқұдықтықтар дән риза

  Кәсіпкерлік саланың дамуына әсер ететін ауқымды бағыттың бірі – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік. Бұл мемлекеттік органдар мен жеке меншік сектордың қоғам игілігі үшін атқаратын бірлескен қызметі. Осындай мүмкіндікті сәтті пайдаланып, ауыл жастарының спортпен айналысуына мұрындық болған сүттіқұдықтық Гүлжайна Рысбаеваның еңбегіне тоқталсақ.
– 2013 жылы жеке балабақша ашып, сонда меңгерушілік қызметті 2018 жылға дейін атқардым. Осы аралықта ауыл балаларының бос уақытын ескі спорт залда өткізетініне іштей қынжылушы едім. Содан ата-анаммен ақылдасып мемлекеттік-жеке­меншік серіктестік аясында спорт кешенін салу керек деп шештім. Алдына нақты мақсат қойса, бәрін шешуге болады екен. Мерзімді уақытта спорт кешені бой көтеріп, оның ашылу салтанатына бұрынғы әкім Қырымбек Елеуұлы қатысып, лентасын қиды, – дейді жас кәсіпкер Гүлжайна.
Денi сау ұрпақ – ел болашағының кепiлi. Елбасының дәстүрлi Жолдауларында бұқаралық спортқа, салауатты өмiр салтын қалыптастыруға басымдық берiлiп келедi. Сүттіқұдық ауылында ашылған спорт кешені осының дәлелі.
Кешен заманауи талаптарға сай. 280 балаға арналып ашылған спорт кеше­нінде 230 бала спорт түрлерінің қыр-сырын меңгеруде. Әзірге еркін күрес пен бокс тұрақты түрде, ал шахмат, дой­бы, тоғызқұмалақ ойындары қосымша үйірме ретінде жүргізіледі. Қыздар ара­сындағы еркін күрес түрінен Ақтөре Нұрманов, ұлдарды Қалназар Байтеміров жаттықтырады. Қол добынан (гандбол) Нұрбек Барлыбаев жасөспірімдерді тәрбие­леуде. Ал жастарды Жандос Жаназаров бокс үйірмесінің әліпбесіне баулуда.
12 ауылдасын тұрақты жұмыспен қам­тамасыз етіп отырған Гулжайнаға сүттіқұдықтықтар дән риза. Кең, таза әрі жарық спорт кешенінде түрлі спорт саласымен айналысатынына ауыл жастары да қуанышты.
Құрылысы 100 миллион теңгеге аяқ­талған спорт кешенінде енді ауыл қызда­рының ұсынысы бойынша фитнес бөлме даярланбақ. Жаттығу залына арналған құрыл­ғыларға да тапсырыс беріліп қой­ғанын әңгіме барысында білдік. Бой­жеткеннің тағы бір арманы – ұмыт болып бара жатқан асық ату, ләңгі тебу сияқты ұлттық ойын түрлерін қайта жаңғырту. Жоғарыда аталып өткен спорт түрлерінде келешекте Олимпиада чемпиондары шығатыны анық. Сондықтан кәсіпкер қыздың бастаған ісіне тек сәттілік серік болсын демекпіз.
Гүлжайна Рысбаеваның осылайша ауыл халқына жасаған жақсылығы еле­ніп жақында аудан әкімі Ғалым Әміреевтың қабылдауында болды. Онда Елбасы­ның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында туын­даған «Атамекен» кіші бағдар­ламасының «Жомарт жүрек» сыйлығы бойынша «Туған өлке» номи­нациясымен марапатталды.
«Гендерлік саясат» деген сөзді естісе үрке қарайтын кей ер азаматтарымыз әйел адам от басы ошақ қасынан шықпау керек деп ойлайды. Бірақ ер азаматқа бергісіз ерік жігері бар Гүлжайнадай қазақтың қарапайым қызының бастамалары ауыл жастарының қабілет-қарымын ашып, бос уақытын тиімді пайдалануға септігі тиіп жатыр.

ТҮЙІН. Гүлжайнаның ұмтылыс ұлаға­тынан нақты мақсат, айқын мұрат, биікке жеткізетін асыл қасиетті көресіз.

                                                                                                                                                  Лаура Бибасарова
20 тамыз 2019 ж. 815 0