№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » СЕНІМДІ ӘРІПТЕСТІК СЕРПІЛІСКЕ БАСТАЙДЫ

СЕНІМДІ ӘРІПТЕСТІК СЕРПІЛІСКЕ БАСТАЙДЫ

     Жақында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бірқатар әлеуметтік нысанның ашылуына қатысты. Әрі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында (МЖӘ) атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

  Жалпы, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тиімді тұсы көп. Біріншіден, механизмді тиімді пайдалана отырып мемлекет өзіне жүктелген, халық алдындағы міндеттерін, әлеуметтік фунцияларын жүзеге асыра алады. Екіншіден, әріптестік арқылы мемлекет инфрақұрылымдық жүйелерді дамытуды жылдамдатады және жергілікті бюджетке түсетін ауыртпалықты жеңілдетеді. Үшіншіден, жұмыссыздық мәселесін шешуде МЖӘ тиімді құрал...
  Әріптестіктің кәсіпкер үшін де тиімділігі көп. Яғни, кәсіпкер мемлекетпен ұзақ мерзімді әрі тұрақты шарт жасай отырып, өзінің келешектегі мұрат-мақсаттарын жоспарлауға мүмкіндік алады.
Осыны түсінген жаңақорғандық кәсіпкерлер әріптестік аясында әлеуметтік маңызды нысандар салуға белсенді кірісті. Бұл жөнінде аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Рүстем Ибрагим таныстырды.
– Қыраш, Қосүйеңкі, Манап, Жайылма, Талап және М.Нәлібаев ауылдық округінде заманауи талаптарға сай жауап беретін балабақша әріптестік бойынша бой көтереді. Өзгент пен Жайылмаға қажетті клуб үйіне де, Төменарықтағы 40 орындық ауруханаға да МЖӘ септігі тимек. Сондай-ақ, МЖӘ аясында Әбдіғаппар, Бірлік, Келінтөбе, Жаңарық, Қожакент, Төменарық, Қосүйеңкі, Сунақата, Шалқия және М.Нәлібаевта спорт кешені салынады, – деді сала маманы.
Мемлекет басшысы «2019 жыл – жастар жылы» деп жариялады. Келешектің кемел жолын баянды ететін жастарға сапалы қызмет көрсететін орталық ашу уақыт талабы. «Жастар ресурстық орталығының» директоры Әлібек Әкімбек сондай заманауи үлгідегі орталықты Жаңақорған кентінен ашуды ұсынды.
– МЖӘ аясында №56 мектептің ескі ғимаратына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізуді ұсынамыз. «CHECK UP» жүйесі бойынша құрылатын орталықта ҰБТ-ға дайындықты үйлестіру, компьютерлік сауаттылықты арттыру және тілдік курстар өтетін «Білім беру» орталығы құрылады. Сондай-ақ, «Психологиялық көмек көрсету» және «Денсаулық сақтау» орталығы жұмыс жасайды. Ең бастысы, демалыс орындарын брондау, лагерьлерге орналастыру және т.б үйлестіретін «Туризм» ортылығы болады. Бір сөзбен айтқанда, жастарға бір жерден қызмет көрсететін орталық құруды мұрат етудеміз, – деп жобамен таныстырды белсенді жас.
Аудан бойынша 28 нысанның құрылысы МЖӘ аясында жүргізілуде. Осы жұмыстарды баянды жүргізу үшін аудан әкімі Ғалым Әміреев пен «Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» ЖШС басшысы Бауыржан Өтежанмен ынтымақтастық туралы меморандумға отырды.
Сенімді әріптестік серпіліске бастайтынын айтқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев:
–Түркістан мен Қызылорда облысын жалғайтын Жаңақорған ауданы географиялық тиімділікті тиімді пайдалану керек. Тіпті, халықаралық бизнес хабқа айналуға мүмкіндік бар. Ол үшін біздің кәсіпкерлер бәсекеге қабілетті болуы тиіс, – деді.
Енді әрбір елді мекенде маңызды нысандар бой көтеріп, ауыл мен қаланың тұрмыстық деңгейі теңеле түсетін уақыт алыс емес. Бұл – отыздыққа бастайтын жол емес пе?..

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
22 қараша 2018 ж. 832 0