№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Газ құбыры аймаққа оң өзгеріс әкелді

Газ құбыры аймаққа оң өзгеріс әкелді

 Елбасының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар – «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры аймаққа оң өзгеріс әкелді. Облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры аймақтағы аудан мен елді мекендерді көгілдір отынмен қамтуға жол ашқаны белгілі. Мемлекет басшысының жасаған тікелей қамқорлығы бұдан басқа жаңа құрылыстарды пайдалануға енгізумен қатар, жаңа жұмыс орындарын құруды, халықтың әл-ауқаты деңгейін арттыруға ықпал етіп отыр.   

   Былтыр шілде айында Қызыл­орда облысында «Қараөзек» жоғары технологиялық газ компрессорлық станциясы пайдалануға берілген болатын. Станция бастығы Талғат Менеевтің айтуынша, «Бейнеу-Бо­зой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан 944 шақырымда орна­ласқан бұл нысан жылына 10 млрд текше метр газ өткізуге қабілетті.
   Бұдан басқа, компрессорлық стан­ция Астана және солтүстік өңірлерді  газдандыруды есепке ала отырып жоспарланған. Бұл мақ­сатты орындауға станция қуаты толығымен жетеді дейді мамандар.   
Облыстық энергетика және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашы­лық басқармасы басшысының орын­басары Ерлан Жоламановтың айту­ынша,     Елбасының бес әлеу­мет­тік бастамасында «Елді газбен қам­тамасыз етуді жалғастыру» кеңінен айтылды. Қазіргі таңда, 267,3 млрд теңгені құрайтын «Сарыарқа» магистральды газ құ­быры құрылысының бірінші ке­зе­гіндегі «Қызылорда-Жезқазған-Қа­рағанды-Теміртау-Астана» ба­ғы­тын 2018 жылдың қараша-жел­тоқсан айларында бас­тап, 2019 жылдың желтоқсан айын­да толықтай аяқ­тау жоспарлануда. Осы арқылы «Сары­арқа» магистралды газ құбырының бой­ындағы 171 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ете аламыз. Тұрғындарды газбен қамтамасыз етумен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту көзделген, 200-ден астам адам тұрақты жұ­мыспен қамтылатын болады. Эко­логиялық ахуалды жақсартып 800 уақытша жұмыс орны ашылады.
Қазіргі таңда облыс халқының 60%-тен астамы табиғи газ тұты­нуда. Соңғы жылдары аймақ­ты газдандыру қарқыны артып, 7 аудан орталығының 4-тен тұрақты көгілдір отынды пайдаланып отыр.

 Ержан ҚОЖАС.
12 қараша 2018 ж. 994 0