Қырымбек Көшербаев: Біздің міндетіміз – табыс табуға жағдай жасау
Тұрғындардың әлсіз топтарына материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен сұхбат
Қызылорда облысында көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларына қосымша қолдау көрсету жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған өңірлік әлеуметтік Жол картасы жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда аймақтардағы жергілікті биліктің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі – көпбалалы аналар мен отбасыларға көмек көрсету. Бұл – сондай-ақ, әлеуметтік желілерде көп талқыланатын тақырыптардың бірі. Қармақ па, әлде балық па? Бұл мәселе фейсбукті пайдаланатындар үшін тоқтаусыз пікірталас тақырыбына айналды.
Ал, әкімдіктер болса өмірдің ауыртпашылығына душар болған отбасыларына көмек көрсету үшін өңірлік бюджеттердің ішкі резервтерінен қаржы тауып, көпбалалы отбасы мүшелерін жұмысқа тұрғыза отырып, материалдық көмектің қай түрі болмасын, ол жалақыны алмастыру емес, тек табысқа қосымша қолдау ғана екенін ретімен түсіндіруде.
Дегенмен, көпбалалы отбасыларға бұл көрсетіліп жатқан көмекті тегін сыйлық таратқандай етпей қалай көрсеткен дұрыс?
Бұл сұрақты Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа қойған едік.
– Қырымбек Елеуұлы, көпбалалы отбасыларға мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту бүгінгі күні қазақстандық қоғамдағы ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі болып отыр. Бұған қоса, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету де ең бір өзекті мәселеге айналды. Бұл мәселе Қызылорда облысында қалай шешілуде?
– Халықтың әл-ауқатының жақсы болуы біздің мемлекетіміз үшін әр уақытта да негізгі басымдықтардың бірі саналады. Айта кету керек, көпбалалы аналардың мәселесі бұл жаңадан пайда болып отырған мәселе емес. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы шаралар қабылданған шешімдерді жетілдіру мен жүйелеу бойынша жүріп жатыр деуге болады.
Алайда, бұл жағдайда әлеуметтік саясат масылдық көңіл күйдің пайда болуына жол бермеуі тиіс. Көмек әсіресе, өте мұқтаж жандарға көрсетіліп, нақты адрестік сипатта болуы керек.
Мәселен, Қызылорда облысында 36 мыңдай көпбалалы отбасы бар, оның 6 мыңдайы аз қамтамасыз етілген отбасылар. Әрбір көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін дербес әлеуметтік карталар дайындалады. Бүгінгі күні біз 3 мыңдай көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын зерттеп, көпбалалы және жалғызбасты аналарды мазалайтын мәселелердің санатын анықтадық.
Олардың ішінде, мәселен, бірінші кезеңде Қызылорда қаласында тұрғын жайға бейімделмеген үйлерде тұрып жатқан, көмек қажет ететін, тұрғын үйге өте мұқтаж 149 отбасы анықталды. Сондай-ақ, олардың мәртебесін анықтауды рәсімдеуде проблемалар бар, тіркеуге тұрмаған, көбісі қалалық әкімдікте үй кезегіне тұрмаған және т.б. Біздің қазіргі міндетіміз – оларға жан-жақты қолдау көрсету.
– Көмекке өте мұқтаж аз қамтамасыз етілген отбасы проблемаларын шешуге әкімдіктер бизнес-қауымдастығын жұмылдыруда. Сіз басқаратын өңірде кәсіпкерлер оларға қандай көмек көрсетіп жатқанымен бөліссеңіз?
– Бізде мұндай отбасыларға облыстағы ірі және орта кәсіпорындар мен бизнесмендер куратор ретінде бекітілген.
Мәселен, биылғы жылдың наурыз айында Болат Өтемұратовтың жеке қоры есебінен осындай отбасылар үшін 100 пәтерлік 50 үй салу жөнінде меморандумға қол қойдық. Ал, жергілікті бюджет есебінен 50 пәтерлік 25 үй тұрғызылады.
Барлығы – 150 пәтер. Тұрғындар өздеріне қажетті құжаттарын ретке келтіру үшін осы үйлердің бірінде шағын ХҚО орналасатын болады.
Айтпақшы, әрбір үйге электр жарығы, ауызсу, кәріз жүйесі, газ, телефон желісі, автожол тартылады, сондай-ақ, үй жанынан 6 сотық шағын учаске бөлінеді. Үйлердің құрылысын рекордты мерзімде – 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне аяқтауды жоспарлап отырмыз. Және бұл тек басы ғана!
Мұнан бөлек біз тұрғындардың әлсіз қорғалған топтарына, оның ішінде көпбалалы отбасылар бар, алғашқы жарнапұл төлемейтін өңірлік «Орда» бағдарламасы арқылы мамыр айында облыс орталығынан «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі арқылы 248 пәтер сатып алу жөнінде құрылысшылармен меморандумдық келісім жасадық. Бірақ, бұл кезектілікпен жүзеге асырылатын болады.
– Қызылорда облысындағы құрылыстың және тұрғын үйді пайдалануға берудің қарқынына қарап, жақын аралықта басында баспанасы жоқ тұрғын қалмауы керек сияқты...
– Соңғы жылдары облыста тұрғын үй құрылысы өте жоғары қарқынмен жүргізілуде. Тек қана 2013-2018 жылдары бізде 3 млн шаршы метрдей тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылы біз аймақ үшін рекордты көлемде – 700 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырдық. Ал, биыл өткен жылдың көрсеткішінен асып түспек ойымыз бар. Сонымен қатар, мен жоғарыда айтып кеткен көпбалалы отбасыларға арналған үйлерден бөлек, республикалық бюджет қаржысы есебінен көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін тағы да 431 пәтер салу жоспарымызда бар. 205 пәтер сатып алу құқығынсыз жалға берілсе, 226 пәтер сатып алу құқығымен жалға беріледі.
Мұнымен бітпейді. Біз, қайталамас үшін, Үкімет тарапынан республика деңгейінде көпбалалы отбасыларын қолдауға арналған іс-шаралар пакетінің қабылдануын күттік. Содан кейін ғана облыста көпбалалы аналар көтерген мәселелерді сараптау қорытындысымен үстіміздегі жылдың 18 наурызында өзіміздің аймаққа арналған көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларына қосымша қолдау көрсету жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған өңірлік әлеуметтік Жол картасын қабылдадық. Сонымен қатар, бүгінгі күні бекітілген облыс бюджеті аясында өзінің шағын бизнесін дамыту үшін жаңа бизнес идеяларға қайтарымсыз грант беру қарастырылуда. Сол секілді әлеуметтік әлсіз отбасыларының балаларына жоғары оқу орындарында оқуға облыс әкімінің 200 гранты бөлінеді. Сауықтыру лагерьлерінде көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының демалысын ұйымдастыру, осындай отбасылардағы 25 мыңдай оқушы баланы мектепке баруға киіммен қамтамасыз ету және т.б шаралар бар.
– Әлеуметтік желілерде «Қайсысы дұрыс, балық па, әлде қармақ па?» деген пікірталастар жиі пайда болып тұрады. Сіз қандай пікірді ұстанасыз?
– Менің ойымша, материалдық көмектің барлық түрі негізгі кіріс көзі емес, бұл тек ата-аналардың табысына қосымша қолдау шаралары ғана болуы тиіс. Сондықтан, біздің міндетіміз отбасылардың табыс табуына жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын құру, өзінің жеке ісін ашуына, жаңа мамандық алуына мүмкіндік жасау және т.б шаралар. Біз бүгінгі күні осы бағытта жұмыс жүргізудеміз, мысалы, жаппай кәсіпкерлікті дамытудамыз.
Осы мақсатта әкімдіктің, мәслихаттың, «Nur Otan» партиясы филиалының, Қоғамдық кеңес және өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен біз облыста жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үшжылдығын жарияладық. Тек биылғы жылдың өзінде осы мақсатқа облыстық бюджеттен, түрлі даму институттары мен екінші деңгейлі банктерден 34 млрд теңге бағытталады. Бұл шаралардың барлығы да жаңа жұмыс орындарын құруға, салық базасын кеңейтіп, жергілікті бюджеттерді нығайтуға, жалпы қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз етуге жұмыс істейтін болады.

«Литер» газеті,
23 сәуір, 2019 ж.