№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК:

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК:

   Президент «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау жөніндегі атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәртібін халыққа түсіндіру жағына көп көңіл бөлу керектігін атап өткен болатын. Сондай-ақ съезде Үкіметке әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырды. Аталған көрсеткішті күнкөріс деңгейінің 70 процентіне дейін жеткізіп, атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруге пәрмен берген еді.
Ендігі кезекте, қоғамда қызу қолдау тапқан 20 789 мың теңге жәрдемақыны кімдер алады? Қандай табыс көздері есептелінеді? Осы сауалдарға жауап іздеп, зерттеу жүргіздік.
ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÓлеÑмеÑÑÑк көмек

  Әуелі жоғарыдан бастасақ. Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға ғана беріледі. Елімізде жалпы алғанда 4 миллионнан астам отбасы болса, оның ішінде жағдайы нашар 830 мың тұрғынға көмек жәрдемақы ретінде берілетіні анықталып отыр. Ал, Жаңақорған ауданында 4650 отбасының 12 825 мүшесі анықталды. Алайда әлі де ауданда әлеуметтік карта жасақталуы үстінде. Сондықтан, алдағы уақытта бұл сан көбеймесе, азаймайды.
Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қандай жағдайда мемлекеттік көмек берілетінін ашық түсіндерген болатын. Министр ең бірінші бұл бағытта әр отбасыға жеке әлеуметтік карта әзірленетінін жеткізді.
– Бүгінде әлеуметтік атаулы көмек деген бар. Оның төленетін мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты. Қазіргі таңда көп көтеріліп жүрген мәселенің бірі – осы төменгі күнкөріс деңгейін ұлғайту. Осы уақытқа дейін 14849 теңге болса, қазір бұл 20789 теңгеге көбейеді. Аталған көмекті 570 мың адам алып отырса, енді кемінде 830 мың адам алады. Мәселен, 4 баласы бар ана бүгінде 63 740 теңге алса, жоғарылауға байланысты 103 945 теңге алатын болады. Егер ол кісілердің табысы күнкөріс деңгейінен төмен болса, қосымша тағы да жәрдемақы беріледі, яғни, осы санаттағы жандардың табысы 114 449 теңге болады. Жалпы, атаулы әлеуметтік көмектің төленуі қазіргі таңда бір балаға 4834 теңге болса, енді сәуірден бастап ай сайын әрбір балаға 20 789 теңге төленеді. Отбасында балалар оқитын болса, оқу бітіргенше, 23 жасқа дейін оларға да осындай жәрдемақы төленеді, – деді Бердібек Машбекұлы.
Бұл дегеніміз – 21 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті елдегі көпбалалы отбасының барлығы бірдей ала алмайды деген сөз. Белгілісі, табыс аз көпбалалы отбасыларға ғана тағайындалады. Министрдің сөзін кеңінен тарқатып айтсақ. Өздеріңізге белгілі, Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді есептеген кезде ең төменгі күнкөріс деңгейі есепке алынады. Биылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі 29 698 теңгеге тең. Дәл қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмек алушылар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 процентін, яғни 14 849 теңге алып отыр. Кеше Елбасы әлеуметтік көмек көрсету өлшемін 50-ден 70 процентке дейін көтеруді тапсырды. Демек, қазір 14 849 теңге алып отырған отбасының жәрдемақысы 20 789 теңгеге дейін өседі деген сөз. Осы тұста, мемлекеттік атаулы көмекті кімдер алатынын анықтап алайық. Заңға сәйкес, табысы кедейшілік шегінен аспайтын адамдарға атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Оған қоса, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезде отбасының жалпы табысынан көпбалалы отбасыларға, «Күміс алқа», «Алтын алқа» иегерлеріне, мүгедек балаларға төленетін жәрдемақылар, шәкіртақылар алынып тасталады. Бұдан бөлек, әлеуметтік көмекті тағайындау рәсімі жеңілдетілді. Бұрынғыдай қос-қостан құжат жинап, кабинет жағаламайды.
Бұл жөнінде бізе аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» директорының орынбасары Бейбіт Балабековтан білдік.
  – Бүгінгі таңда атаулы әлеуметтік көмекті алуға тұрғындар кент, ауылдық округ әкімшілігі пен аудандық «Жұмыспен жұмыспен қамту» орталығына жүгінуде. Құжаттардың барлығы бірден «Е-халық» бағдарламасына енгізіліп, арнайы әлеуметтік карта әзірлену үстінде. Негізі 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап тұрмысы төмен отбасыларға көрсетілетін АӘК жаңа тәртіп бойынша төленеді. Шартсыз және шартты ақшалай көмек болып бөлінеді. Жалпы, әзірге Жаңақорған ауданында атаулы әлеуметтік көмек алатын 4650 отбасының 12 825 мүшесі анықталды, – дейді ол.
   Айта кету керек, аталмыш жәрдемақыны тағайындау кезінде табыс көзі ретінде жалақы мен жеке шаруашылық есепке алынады. Яғни, төрт түлік те кіріс көзі ретінде есепке алынады. Сөз соңында, сүйінші жаңалықпен түйіндесек. Күні кеше, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова 1 сәуірден бастап берілетін 21 мың теңге жәрдемақы бір баласы бар мұқтаж отбасыларға да төленетінін мәлімдеді. Не десекте, көпбалалы аналарға деген мемлекет қолдауы айрықша.

Әбдісамат ӘБДІШ.
16 наурыз 2019 ж. 1 201 0