Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ СЕРПІНІ

АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ СЕРПІНІ


Елімізде агроөнеркәсіп кешенін дамыту – аграрлық саясаттың маңызды бағыты. Бұл тұрғыда Тұңғыш Президент халыққа арнаған Жолдауында алдыға батыл қадам жасап, Үшінші жаңғыруды бастауға пәрмен берген болатын. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы саласын жаңа экономиканың драйверіне айналдыруға баса маңыз берілді. Яғни, ол өз кезегінде аграрлы саланың қарқынды өсуін және оны тиімді бизнес көзіне айналдырып, тұрақты жұмыс көздерінің ашылуына даңғыл жол ашады. Осы бағытты басшылыққа алған аудан әкімі Ғалым Әміреев жаңашыл бастамаға қадам жасап, жемісті жұмыс атқарып келеді. Әсіресе, импорттық тауарлар көлемін азайту, экспорт әлеуетін арттыру, кооперативтік қозғалыстарды кеңейту, ауылшаруашылық саласында заманауи техниканың үлесін арттыру, өнімділікті арттыратын заманауи технологияларды қолдану және жоғары элиталық тұқымдарды аудандастыру, асыл тұқымды мал басын көбейту т.б. бағытта тыңдырымды тірліктер атқарылды.


Өзім ауылда туып-өсіп, ауылдың бар­лық шаруасының басы-қасында болған адам ретінде екі бірдей қоғамның заң­дылықтарымен жұмыс жасаған маман ретінде, ауданның соңғы елу жылдағы ауыл шаруашылығы өндірісінің жай-жапсарын көзіме елестете аламын.
Әріге бармай-ақ еліміз егемендік алған 1991 жылдарды алар болсақ, ауыл­шаруашылығы өндірісінің, оның ішінде ауыл халқының тұрмыс-тіршілігінің құлдыраған кезеңі болғанын бәріміз білеміз. Өйткені, еліміз жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшкен, халықтың санасы нарықтық экономикаға бейімделмеген өліара кезең еді. Сол кездерде ауылдарда жарық, үйлерде отын, техникада жанармай, адамдарда азық-түлік болмай, елді мекендер құлазып қалды. Осындай сындарлы шақта Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың 5 наурыз 1993 жылғы Жарлығымен «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы» қабылданды. Соның нәтижесінде ауылшаруашлығындағы барлық мал мен мүлік, жер телімдегі халықтың жеке меншігіне пай үлесі ретінде бөлінді. Ауылдағы азаматтар қарым-қабілеті, ыңғайына қарай шаруашылықтарға бірігіп, егіс егіп, мал өсіріп, өнім өндіруді қолға алды. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға тікелей қатыстым.
Мұнан кейін Елбасының тікелей бас­шылығымен 2003-2005 жылдар «Ауыл жылдары» болып жарияланды. Соған сәйкес мемлекет арнайы бағдарлама қабылдап, ауылшаруашылығы өндірісіне мақсатты түрде қаржылай көмек берді. Шаруаларды төменгі пайызбен несиелендіру шаралары басталды. Осы бағытта ауданда «Қамқоршы» атты несие серіктестігі ашылып, шын мәнінде өнім өндіруші шаруаларға несие бөліп, қамқорлығына алды. Бұл несие серіктестігінің несие лік портфелі қазір екі есеге өсіп, 370 млн. теңге көлеміне жетіп отыр.
Егемендіктің алғашқы жылдарында ауыл­шаруашылығы саласы құлдырап, аудан бойынша егіс көлемі 18780 гектарға тө­мендеді. Оның ішінде күріш 7075 гектар болған. Төрт-түлік те азайып, сол жылдары мүйізді ірі қара 5465 бас, қой мен ешкі 117 000, жылқы 2660, түйе – 1110 бас болды.
Ал, 2018 жылы барлық егіс көлемі 37065 гектарға жетіп, оның ішінде күріш, әртарап­тандыру бағдарламасына сәйкес 7712 гектар, мақсары 3976 гектар, бақша 1720 гектар, ескі жоңышқа 12 мың гектардан артық егілді. Төрт-түлік МІҚ 64196 бас, қой мен ешкі 217 728, жылқы – 16400,түйе – 1275 басқа жетті.
Бұл дегеніміз егіс көлемі сол жылдармен салыстырғанда 2 есеге, малдың өсімі МІҚ 12 есеге, қой мен ешкі 1,9 есеге, жылқы 6 есеге, түйе 115 процентке өскенін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер өндіріс көлемінің өсіп, шаруалардың да әл-ауқатының жақсарғанын дәлелдеді. Әрине, сала өндірісінің дамуына мемлекет тарапынан беріліп отырған қаржылай көмектің әсері орасан зор болды. Оған дәлел, 2018 жылдың өзінде егін шаруашылығын дамытуға 326,6 млн. мал шаруашылығын дамыту мен асылдандыру бағытында 675,8 млн. барлығы 1млрд. 39,4 млн. теңге қайтарымсыз көмек қаражат субсидия берілгенін айтуға болады. Осындай қолдаудың нәтижесінде ауданда егіс көлемі 37 мың гектардан асып, негізгі дақылдар күріш әр гектарынан 50,9 центнер, күздік бидайдан 21,6 ц, әртараптандыру бағытында егілетін мақсарыдан 12,6ц, күнбағыстан 25 ц, бақшадан 302 ц, көкөністен 215 ц өнім алынды. Оған қоса, аудан орталығындағы агро-индустриялық аймақтың ашылуы да тұрғындарға екі қолға бір күрек табуына жол ашты.
Сыр өңіріндегі төрт түліктің 40 пайызы Жаңақорған ауданында. Содан болса керек-ті, «Малшылар слетін» Қаратау бөктерінде өткізудің дәстүрі қалыптасты.
Ауданда асыл тұқымды малдар сатып алып, олардан алынатын өнім сапасын арттыру жолға қойыл­ды. Қазіргі таңда малдың саны емес, сапасына көп көңіл бөлетін кезең. Сондықтан шаруалар асыл тұқымды мал өсіруге басым бағыт ұстап келеді. Мәселен, «Ынтымақ», «Бақытжан», «Көбелдес», «Аңсеңгір» қожалығы асыл тұқымды мал өсіру жұмысын жақсы жолға қойды. Қыркеңсе ауылдық округіндегі «Бекарыс-Агрофуд» ЖШС «Байқоңыр» Әлеу­мет­тік-кәсіпкерлік корпорация­сы» Ұлттық компания» АҚ қаржы­ландыруымен ет бағытындағы қал­мақ тұқымдас мүйізді ірі қара алып, шаруасын жандандыруда.
Сүттіқұдық ауылдық округі «Ерлан» шаруа қожалығы «Қам­қор­шы» несие серіктестігі арқы­лы 40 бас қалмақ тұқымдас асыл тұқымды мүйізді ірі қара, Аққор­ған ауылдық округіндегі «Заман Ата» шаруа қожалығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несилен­дірумен 110 бас сатып алды. Аталған шаруашылық асыл тұқым­ды репрадуктор шаруашылық қалып­тастырды.
Осындай ауқымды жұмыстардың арқасында ауылшаруашылығы сала­сында Жаңақорған ауданының көрсеткіші жоғары. Оған 2018 жыл­дың қорытындысымен егін шаруа­шылығын дамытуда жоғарғы көрсет­кіштерге қол жеткізгені үшін «Озат аудан» аталымына ие болғаны дәлел (2017 жылы Жаңақорған ауданы «Үздік аудан» номинациясымен марапатталды). Ауылшаруашылық кооперациясына басымдық беріліп, мемлекеттік қолдау шаралары күшейтілді. Кооперативтік қозғалыс­тар жөнінен де айтарлықтай жетіс­тіктер бар. Ауданда егін егумен, мал шаруашылығымен айналысатын 49 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі (АӨК) құрылып, мүшелерінің саны 767 адамды құрады. Бүгінде 278 жеке отбасылық тұлғадан құрылған 7 АӨК жұмыс жасауда. Оның ішінде, алты АӨК ет өндіру бағытында отбасылық мал бордақылау бойынша, бір АӨК мал шаруашылығы сүт өндіру бағытында жұмыс жасайды. 2018 жылы отбасылық мал бордақылау бағытындағы 6 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде 228,0 тонна сиыр еті өндіріліп, нарыққа шығарды. Ақүйік ауылдық округіндегі «Қаратау-Ақүйік» АӨК «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы жеңілдетілген несие алып, үйрек шаруашылығын дамытуда. Кооперативтің 13 мүшесі 33,5 млн. теңге несие алып, 8756 бас үйрек сатып алынды. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласындағы «Береке» құс шаруашылығына 4212 бас үйрек өткізілген.
Сондай-ақ Тұңғыш Президент жыл сайын халыққа арнаған Жол­дауында ет өнімдері экспорты әлеуе­тін арттыруды жүктеген болатын. Аудандық ауыл шаруа­шылығы бөлімінен алған мәліметке сай, 2017 жылы жалпы 1130 бас қозы Иран мен Біріккен Араб Әмірлігіне, 288 бас қаракөл қойы Маңғолияға экспортталған. Жайылманың бренді болған бақша өнімдері де шетел асқан. Жалпы, аудан бойынша 4854 тонна бақша өнімі экспортталса, оның 4754-і жайылмалық диқандардың дәмді қауын-қарбызы. Міне, мұның бәрі Жолдауда айтылған тапсырмалардың тиянақты орындалып жатқанының белгісі.
Түйіндей айтқанда, Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған Даму Карталарының Жаңақорған ауданындағы көрсет­кіштері көңіл қуантарлық. Бірден айта кету керек, біз бұл жолы аграрлы саладағы бағындырған белестің бірқатарын ғана атадық. Биыл да бұл бағыттағы тындырымды жұмыстар өңірде озат аудан атануға жол ашады деген ойдамыз.

Ерғали ОРАЗБЕКОВ,
ауыл шаруашылығы саласының ардагері.

20 сәуір 2019 ж. 1 532 0