Жоғары өнімге жетелейді
Отандық минералдық тыңайтқыштарды жеткізіп беруші «Қазфосфат», «Темір-Сервис», «Қазазот» және шетелдік тыңайтқыштарды жеткізіп беруші «Агрохимсервис» ЖШС, «Аха-71» ЖШС, «Singenta», «Ukaz» және «Alem-Agro» секілді компаниямен келісімдер жасалыныпты.
– Қажетті гербецидтер мен химиялық препараттар толығымен сатып алынатын болады, – дейді аудан басшысының орынбасары.
Жалпы, ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін, топырақтағы химиялық элементтердің құрамы үлкен роль атқарады. Сондықтан, егістік алқаптарда қажетті минералдық заттар жеткілікті мөлшерде болуы аса маңызды. Ал, топырақтағы қоректік заттардың мөлшері шексіз емес, өсімдіктер жыл сайын өздеріне қажетті мөлшерін алып отырады. Әр бір дақыл топырақ құрамынан өзіне қажетті элементерді өз өніміне қарай жұмсайды. Сол себепті, егістік жерлерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін, топыраққа қосымша тыңайтқыштарды енгізу агротехникалық іс-шаралардың маңызды бір бөлігі болып саналады. Тыңайтқыштарды қолдану, дақылдың өнімін арттырып қана қоймай, оның сапасына да елеулі әсер етеді. Бір сөзбен айтқанда, дақылдың өнімділігі минералдық тыңайтқыштарды дер уақытында, өз мөлшерінде беру. Бұл тұрғыда жаңақорғандық диқандардың тәжірибесі мол.
Ерубай ҚАЛДЫБЕК.