«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
Сот органдарнан шығатын ресми құжаттарды апостилдеу бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Сотқақа апостиль қоюға өтініш беру үшін Сізге өз тұрғылықты жеріңіздің облысындағы Соттар әкімшісіне, мысалға, Қызылорда облысы бойынша (Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29 мекен жайы бойынша) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі республикалық мемлекеттік мекемесіне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясына жүгіну керек.
Құжаттарды қабылдау сағат 9:00-ден-12:00-ге дейін Құжаттарды беру 16:00-ден 18:30-ға дейін. (демалыс және мереке күндерінен басқа)
Жүгіну кезінде өзіңізбен мына құжаттар болуы керек:
1.Жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесі (көрсетілген қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы)
2.Мемлекеттік қызмет стандарытының №1 қосымшасына сәйкес өтініш.
3. Сот органдарынанг шығатын ресми құжат.
4.Қызметті алышының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде нотариальды куәландырылған сенімхат.
5.Қызметті алушының Т.А.Ә.өзгергендігін растайтын құжаттың көшірмесі.
6.Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін мемлекеттік баджың төленгені туралы түбіртек.
Апостиль қоюға төленетін мемлекеттік баж салығының деректемелері төмендегіндей
Бенефициар (алушы) - БСН-090440021657
Бюджеттік саралау коды- БСК-108126
Төлем атауы апостиль қою үшін төленетін мемлекеттік баж салығы.
Мемлекеттік баждың сомасы 1202,5 теңге.
Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева
Пікір 2