БЕС БАСТАМА ЖАСТАРДЫ ҚАНАТТАНДЫРАДЫ
Мемлекет басшысы өскелең ұрпаққа деген қамқорлығын қашанда аяған емес. Үнемі келешектің кемел болуы – білім ұрпақ екендігін биік мінберде жиі айтады. Жастарды қолдау – мемлекеттік мүдде. Қолдап қана қоймай, бағыт бағдар беру – елдік іс. Елбасы ел назарына ұсынылған 5 басымдықтың үшіншісі: жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуға пәрмен берді. Оған қоса, қосымша грант санын арттырып, 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салу көзделуде.
Осы тұста, Президент бастамасынан туындаған басым бағытты негізге алған аудандық арнайы мониторингтік топ төрайымы мен мүшелері Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі жатақханасының тынысымен танысты. Топ төрайымы Әзия Қыстаубаева колледж өкілі Бақытжан Төлегеновпен бірге жатақханада тұрып жатқан студенттердің жағдайын сұрап, жатын орнын аралап шықты. Студенттердің тамақ жасайтын асханасы мен жуынатын орнын көрді. 21 мың теңге шәкіртақы алатын студенттер мемлекеттің қолдауына дән риза екенін жеткізді. Әрі Президенттің бес бастамасындағы жаңа жатақхана салу жөніндегі байыпты бастамалары алдағы уақытта жүзеге асатынына үмітпен қарайды. Белгілі болғандай, бүгінде колледжде 562 студент болса, оның 34-ақылы топта білім алады екен. Ал, жалпы 52 студент жатақханамен қамтамасыз етілген.
– Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының ішіндегі білім алу қолжетімділігі мен сапасын арттырып, жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту жөніндегі пәрменді тапсырмалар алдағы уақытта жүзеге асады деген сенім мол. Агро колледж студенттерімен тілдесу барысында олар бос уақытында спорттық үйірмелерге қатысатынын жеткізді. Бұлда болса, ізденушілерге жасалған үлкен мүмкіндік деп білеміз, – дейді арнайы топ төрайымы Әзия Қыстаубаева.
Осылайша, құрамында Нұрбол Бакиров, Нариман Үсенұлы бастаған топ мүшелері колледж студеттерінің жай-күйі мен жатақхананың тынысымен толық танысып шықты.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ.

Пікір 3