№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Инвестиция - ел экономикасының тірегі

Инвестиция - ел экономикасының тірегі

Биыл Сыр өңірі жалпы инвестиция тартудан көш бастады. Оны облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев “Хабар” арнасына берген арнайы сұхбатында нақты көрсетті. Әрі алдағы уақытқа меже мен жобаны жүйеледі. Ондағы мақсат – өңір дамуының негізі, яғни аймақтың инвестициялық әлеуетін арттыру маңызы жатыр. Бұл қатарда Жаңақорған ауданы да құр алақан емес. Биыл ауданға салынған инвестиция көлемі артты.


  Инвестиция тарту, әсіресе, кәсіпкерлік саласына тың серпін береді. Мемлекет басшысы облыс әкімдеріне инвестиция тартуды міндеттеді. Жолдауда: «Арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керек. Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың» деген ұстаным басты қағида болуы қажет. Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды-маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбайақ, жер телімдерін беруге болады» деді ел Президенті.

Қызылорда дотациялы өңір болса, Жаңақорған кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейген аудан. Өйткені, биыл бізге туған өлке перзенттері түрлі кәсіпкерлік нысандар салып, аудан қазынасын кеңейтті. Оның көшінде балалар паркі бар, елдімекендердегі спорт кешендері мен кенттегі жеке мектеп және балабақшалар осының дәлелі. Балабақша демекші, біздің аудан балабақша саласы бойынша облыста көш бастап тұр. Бұл мәселені шешкен бірден-бір ауданбыз. Ал, жеке мектептердің саны биыл бесеуге жетті. Бұл да осы өлкеден шыққан азаматтардың инвесторлығымен жүзеге асуда.

Одан бөлек «Қызылордаagroplus» ЖШС тәулігіне қуаттылығы 1800 тонна қызанақ өнімін өңдейтін зауытты іске қосу жоспарлап отыр. Жоба 2024 жылы толық іске қосылып, аудан экономикасына тың серпін бермек. Тек аудан ғана емес, Сыр елі үшін ірі жобаның құны 13,5 млрд теңгені құрайды. 

– Біз түріктің «ТАТ» компаниясымен осы жобаға қатысу үшін кәсіпорын құру туралы келісімге келдік. Ол үшін осы жерден бірлескен компания құрылып, ол Жаңақорған ауданына тіркелетін болады, – деді инвестор мекеменің бас директоры Серғазы Қанқожаұлы.

Иә, бүгінде әлем елдерінің арасында томат пастасын өндіруде, жалпы қызанақ саласында түрік ағайындар ілгері көште келеді. Олар көбіне жылыжай шаруасына дем беріп, қызанақты осында өсіреді. Жылыжайлардағы қызанақтың үлесі 80 пайыздан асып жығылады екен. Демек, бұл елде осы өнімге деген сұраныстың қаншалықты көп екенін көруге болады.Енді екі жылдан кейін біздегі зауыт іске қосылса, қызанақты қолға алу қарқын алатын секілді. Әрине, бұл шаруаларға мол мүмкіндік. Екінші, өндіріс іске қосылса 150 адам жұмыспен қамтылады.

Инвестиция қай өңірдің болмасын экономикасын көтеретіні белгілі. Алайда оған қандай мүмкіндіктер қарастырылады?
– Бұл бойынша да қазір жаңа мүмкіндіктер көзін қарастырып жатырмыз. Инвестор келген жағдайда біз барлық жағдайын жасаймыз. Жерін дайындап, оған керекті барлық инфрақұрылымды жеткізіп береміз. Жалпы инвестиция тарту көрсеткіші осы жылдың 11 айында 31 пайызға өсті. Индустриялық жобалар мұнай-газ, уран компанияларында іске асырылған жобалар есебінен өнеркәсіп саласына тартылған инвестиция көлемі 41 пайызды құрады. Алдағы бесжылдықта өңірде инвестиция көлемі 613 млрд теңгені құрайтын 37 индустриялық жобаны іске асырамыз деп жоспарлап отырмыз. Алдымызға сондай міндет қойдық. Қазір нақты жобаларымыз бар. Біз айтып өткен шыны зауытының айналасында да 8 жобаны іске асырсақ деген ойымыз бар, – деді Нүрлыбек Машбекұлы.

Облыс басшысы «Шалқия» қорғасын-мырыш шығаратын үлкен кен орны бар. «Самұрық қазынамен» бірге осы «Шалқияны» іске қосуға жұмыс жасалуда. Бұл бағытта биылдың өзінде 35 млрд теңгедей инвестиция тартылды. Осы жобаны іске қоссақ, өңірге үлкен көмек, қолдау болғалы тұр деп бұл жобаның болашағын да айтып өтті.

Қалай десек те, ауданға инвестор тарту үлкен табыс көзі. Тек экологиялық зияны болмаса болды. Ал, оның тиімділігі салықты молайтуда, екінші, кәсіпкер үшін табыс көзі, үшінші аудан халқын тұрақты жұмыспен қамтиды. Міне, инвестицияның игілігі осы. Қалғанын уақыт өзі таразылар.

Әли Темірбек

26 желтоқсан 2022 ж. 1 819 0