№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңа өмір сүрудің шынайы шарттарын айқындап берді

Жаңа өмір сүрудің шынайы шарттарын айқындап берді


Адамзатқа ортақ құндылық – қоғам мүшелерінің барлығына бірдей мүмкіндік беріліп, әділеттік орнағанда алға жылжу болады. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға қолдау көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек түрлері арттырылады. Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайды. Халықты нарық тұрақсыздығы ықпалынан барынша қорғайды. Бұл үшін нақты бағдар әзірленді. Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауынада осы белгіленген бағдарларды рет-ретімен талдап берді.

 Жаңа экономикалық саясат деп аталатын бағдарда шикізатқа тәуелділікті азайту керектігін айтты. Елімізде еңбек өніміділігі төмен. Инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көре алмайтынын айтып, оны шешудің нақты жолдары – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы тұрақтандыру және экономиканы әртараптандыру, шағын, орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнату сынды тың тәсілдерді ендіруді айтты. Біздің экономикалық саясатымыздың мақсаты бұрынғыша – жеке кәсіпкерлікті қолдау арқылы дамуға дем беру, бәсекелестікті арттыру, әрине мұның барлығында ұлттық табысты тең бөлу мәселесіне басты көңіл бөлінеді. Бұл бағытта баға саясатына мемлекеттік бақылау күшеюі керек. Монополиялардың шекті табыстары мен құрылымды қамтамасыз ету арасында баланс болуы керек.

 Ауыл халқының көкейіне Президенттің мына сөзі барынша жағымды орнықты. «Жері жоқ адам бизнеспен айналыса алмайды. Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері жыл соңына дейін айқындалуға тиіс. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің баржоғын анықтау қажет. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық» деді. Бұл бағытта инвестиция тарту үшін рәсімдерді және заңнаманы жеңілдетуді, Үкіметке жер қойнауын игеру салаларының иевестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырды. «Маңызды индустриялық жобаларды жүгезе асыратын инвесторлар бар, оларға жер телімдерін беруге болады. Барлық инвестициялық міндеттемесін адал орындайтын кәсіпорындар да бар. Оларға арнайы экономикалық аймақтан жер телімін жекеменшікке беру мәселесін шешу қажет» деді.

Бағлан МОМЫНХАНОВ, Жаңақорған ауданы білім бөлімінің сектор меңгерушісі
02 қыркүйек 2022 ж. 383 0