№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бизнес – елдіктің ажырамас бөлігі

Бизнес – елдіктің ажырамас бөлігі


Соңғы жылдары Сыр өңірі бойынша Жаңақорған ауданы кәсіпкерлік саласы бойынша көш басында. Оған мемлекет тарапынан қолдау да жеткілікті, екінші жағынан, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілету жолында инвестиция тарту да маңызды. Осыған байланысты аудан әкімі Руслан Рүстемов облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандағы филиалында арнайы барып, нақты міндет-межені айқындалды.


Аудан басшысы палата жұмысын көріп, нақты атқарылған және биылғы жылдың жоспарымен танысты. Филиал директоры Асылжан Жолдасбеков атқарылған жұмыс­тарға қысқаша тоқтала кетті.
– «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқу басталды. Бұл жоба бойынша былтыр 260 тұрғынды қайтарымсыз қаржы, яғни тегін грантпен қамтыған болатынбыз. Биылғы меже де айқын, одан бөлек, жеңілдетілген несие арқылы шағын кәсібін ілгерілету мақсатында керекті мөлшерде қаржы алған кәсіп иелері де аз емес. Бұл мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін халық көріп жатыр деуге болады. Осының нәтижесінде кәсіпкерлік саласында тың серіпіліс байқалады. Бағдарлама аясында оқып, жобасын ұсынғандар аз емес, – деді.
– Әрине, бұл өте дұрыс, дегенмен сол несие алып, кәсібін дамытамын деген тұрғындарға мониторинг жасап, бақылап тұру керек. Егер кәсібі алға басып, тағы да мемлекеттен қолдау керек болса демеп жіберудің жолын іздестіруіміз керек, – деді аудан әкімі.
Аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков кәсіпкерлік саласына қолдау жоғары деңгейде болғаннан соң халықпен жұмыс істейтін, әсіресе, бизнес жоспарын жасауға қабілетті мамандар болса деп ұсыныс білдірді.
– Егер бизнес жоспарды облысқа жолдайтын болсақ, онда кемінде 2 апта күтеміз. Сондықтан, өзімізде дайындауға мүмкіндік бар, биылдың өзінде 120 кәсіп иесіне дайындап бердік. Мамандар да жеткілікті, қоғамдық жұмыспен қызметкерлер қабылдап, халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаудамыз, – деді А.Жолдасбеков.
Жалпы, палата жұмысымен танысқан Руслан Рүстемұлы негізгі мәселеге көшті.
– Күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі – ауданға инвестиция тарту. Сондықтан сыртта жүрген қалталы азаматтарды ауылға бағыттап, сұраныстағы бизнес түрлерін ашуға үгіттеуге тиістіміз. Алдымен, ауданға қандай кәсіп түрі қажет, соны зерделеп, азаматтармен байланыс орнату керек. Қазір кәсіп бастаймын деген азаматқа мүмкіндік көп. Көгілдір отын келді, тіпті елді мекендерге де жақында қолжетімді болады. Сондықтан, инвестиция тартудың алғышарттарын жетіл­діріп, ауданның дамуына жаңа бағыт беруіміз керек, – деді аудан басшысы.
Ауданда кесенелер мен ем алатын шипажайлар, шипалы сулар және басқа да туристік бағыттағы құнды орындар жетерлік. Шынында да, аудан орталығында тұрғындарға жазғы уақытта баратын бассейн жоқ, өте құнарлы жеріміз бар, алайда жылыжайлар жоқ, облыс бойынша төрт түлік малға өте бай ауданбыз, алайда сүт өндіретін цехымыз жоқ. Осы сияқты тың идеяларды дамытуда ауданның мүмкіндігі жоғары, кәсіпкерлікті әркез қолдауға дайын. Ең бастысы, ниет болса, мемлекеттен қолдау бар.
Қорыта айтқанда, басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлермен байланысып, оларға ауданға қажетті кәсіп түрлерін көрсетіп, инвестиция тартуды ұйымдастыруды аудан әкімі Руслан Рүстемов міндеттеді. Жоспар жүйелі, енді өзге өңірлерде жүрген азаматтармен байланыс орнату керек.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
27 сәуір 2021 ж. 511 0