№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қант қызылшасы табыстың көзі ме?

Қант қызылшасы табыстың көзі ме?


Бүгінде әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие бақша дақылдарының ішінде қант қызылшасы көш бастап тұр. Өйткені, оның өнімдері тамақ өндірісі болсын, ауылшаруашылығы саласы болсын қолданыс аясы өте кең. Бұл өнімді өсіру біздің елде де берекелі кәсіпке айналды. Оның игілігін тек Алматы және Жамбыл облысы шаруалары көруде. Алайда, оның өзін толық өңдеуге зауыттардың әлеуеті жетпей жатыр. Ал, Сыр өңірінің бұл өнімді өсіруге әлеуеті жетпей ме? Бақша дақылдары ішіндегі өтімділігі мен шығымы жоғары өнімге көшуге не кедергі?

2023 жылы Қазақстан бірқатар өнімдермен бірге қант өндірісі бойынша да азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізуі тиіс екен. Бірақ бүгінде қанттың 60 пайызы сырттан импортталады. Үкіметтің жуырдағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бұрын іске қосылған жеті қант зауытының төртеуі ғана жұмыс істеп тұрғанын алға тартты. Оның үстіне жүктемесі де 30 пайыздан зорға асады. Қант қызылшасы тұқымы нарығы да 95 пайыз импортқа тәуелді, мұнда отандық өнімнің үлесі бар болғаны – 5-ақ пайыз.
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылға қарай қант қызылшасының үлесін 6 есеге (7 пайыздан 43 пайызға дейін) арттыруды жоспарлап отыр. Алайда соңғы төрт жылда қант қызылшасының аудандары үштен бірге азайды. Біз импорттық қантқа 90 пайызға тәуелдіміз. Бұл жерде ЕАЭО аясындағы шешімдерді алға тартуға болады. Бірақ кез келген жағдайда бұл Үкіметтің кемшілігі болып қалмақ. Демек, мемлекет ұстанымын қорғай алмады, – деген Президент Үкімет шұғыл түрде қант саласын дамыту жөніндегі жеке салалық жобаны әзірлеуі керек екенін жеткізді. Ондағы мақсат – импортқа тәуелділікті барынша қысқарту, өзін-өзі қамтамасыз етуге біртіндеп көшу.
Ғалымдар не дейді?
Қант қызылшасы жайында өткен аптада «КМF» қаржы ұйымының 25 жылдығы аясында өткен агрофорумға арнайы келіп, аудан шаруаларымен кездесу өткізген Бекзат Турегельдиев терең түсіндірме жұмысын жүргізді. РһD докторы, канадалық Альберта университетінің түлегі Бекзат мырзаның талдау-таразылауынан бұл дақылдың пайдасы туралы құнды мағлұмат ала алдық. Тақырып – қант қызылшасының қазіргі таңдағы жағдайы және  өсіру агротехнологиясы тақырыбында.
– Қант қызылшасы – біздің елде қант алуға арналған негізгі шикізат, оның өндірілу деңгейі елдің азық-түліктік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Бұл – қайта өңдеу тұрғысынан барынша сұранысқа ие дақылдың бірі.  Қазақстанда бұл өнімнің 3 түрі өсіріледі. Әлемдегі қант нарығына үңілер болсақ, қант негізінен қант құрағынан және қант қызылшасынан алынады. Қант құрағының өндірісі 1,4 млрд тоннаны құрайды. Ал қант қызылшасының үлесі – 270 млн тонна. Ал, бізде 200 мың тонна, біздің тұтынуымыз 500 мың тоннаны құрайды. Сондықтан экспорттап, экономикаға үлес қосудан бұрын ішкі нарығымызды реттеп алуымыз керек, – деді диқаншы.
Рас, біз бір елде бір жағдай орнығып қалса, қол үшын созып, оны талан-таражға салуға ынытқпыз. Енді ішкі ахуалды реттейтін уақыт келді. Өйткені, бір қанттың бағасы аспандап кетті. Қазір ел бойынша Алматыда «Ақсу» және «Көксу», сондай-ақ, Жамбылда «Меркі» қант зауыты бар.
– Субсидия қалай бөлінеді?
2021 жылы қант зауыттары мен мемлекет берген демеуқаржы есебінен бір келі қызылшаның құны 20 теңгеге жеткен. Ал биылдан бастап Үкімет шаруаларды қолдау мақсатында қант зауыттарының сатып алу бағасын ұлғайтты. Зауыт 15 теңге, ал мемлекет субсидия ретінде 15 теңге төлейді. Осылайша, бір тонна қант қызылшасы үшін шаруалар енді 30 мың теңге алатын болады. Мұндай қолдау бас мемлекеттерде жоқ. Мәселен, қазір Алматы шаруалары 1 гектарға 70 мың дән тастаса, жамбылдық диқандар 80 мың тұқымға дейін себуде. Бұл дегеніміз, гектарына 70-80 тонна өнім алуға болады деген сөз. Шаруасы шатқаяқтап тұрған сала үшін бұл да болса үлкен демеу екені анық.
Ғалымның айтуынша әлемдік нарықта қант қызылшасының экспорты азайған, бұл біздің шаруаларға мүмкіндік дейді. Ал, Қызылорда облысында қант қызылшасын өсіру қаншалықты тиімді?
– Негізінен бұл дақыл өте баяу өседі, біздің өңірдегі шығымы басқа аймақтарға қарағанда жоғары болады. Ең басты себебі, климаттың ыстығы мен топырақтың құнарлығы. Қант қызылшасын жинаудың ең оңтайлы уақыты 20 қыркүйектен 1 қарашаға дейінгі кезең. Тамыржемістерін жинау тұрақты ауа температурасы 5°C-тан төмен және топырақ қатып қалғанға дейін аяқталуы керек, ерте кезеңдерде жинауды өнімділігі жоғары, тамыржемістеріндегі қант мөлшері кемінде 14% болатын жерлерден бастау керек. Негізгі және ең үнемді әдіс - бұл жинаудың ағынды әдісі, онда комбайн бункерінен тамыржемістер көлік құралына тиеліп, қызылша қабылдау пунктіне жіберіледі.
Аудандағы ахуал
Жалпы бұл дақылды егу жаңақорғандық шаруаларға таңсық емес. Өйткені, бұған дейін өсіріп, шығынға батқан дала еңбеккерлері беттеуге жүрексініп отыр. Оған басты себеп, бірінші, өнім піскенде жинауы, екінші, шикізатты өткізуі шаруаларға қиындық туғызады. Ал, үшінші техниканың тапшылығы тұсау болып тұр. Бұл жөнінде Бекзат Турегельдиев: «Техниканы аймақ, аудан басшылығы шешуі тиіс. Ал, өткізу бойынша қазір зауыттарға Президент қатаң тапсырма беріп, ісін ілгерілетуді тапсырды. Сондықтан қорықпай егуге болады. Тіпті болмаса бізбен байланысуға болады» – деді.
Биыл тұралап қалған егін шаруасын қолға алып, небәрі 1 гектарына дән тастады. Егер шығымы мен өтімділігі жақсы болса, келер жылдан бастап жаппай қолға алуға ниетті. Су тапшылығы да ретке келеді. Өйткені, күріш суды ең көп қажет ететін дақыл.
– Нақ осы дақыл біздің өңірге тіленіп тұр. Оның жердің бетіндегі егіз тұқымдасы қауын мен қарбызды өсіргенде қант қызылшасын ескермегеніміз кемшілігіміз болмақ. Маман ретінде айтарым, әр аймақта күн спектрі әртүрлі болады, дақыл күннен де, жерден де нәр алады. Біздің аймақта күннен күлгін сәуле бөлінеді, бұл айрықша тәтті дақылдар клеткаларын белсенді түзеді. Ал солтүстік аймақтарда күннен бөлінетін сарғыш-қызыл сәуле белок, май, крахмалға бай дақылдарға тиімді.
Кезінде Келінтөбе кеңшарына басшылық еткен жылдары 20-30 гектар жерге егіп көрдім. Сонда әр гектардан 45-60 тонна өнім алдық. Егу тәсілі жерді жүйектеп, ұрық шашып жүгері еккенмен бірдей. Наурыздың соңын ала егіп, қарашаға дейін емін-еркін жинап алуға болады. Суыққа төзімді, сақтауға да оңай, іріп-ағып кетпейді. Өңірді қантпен қамтамасыз ету бір бөлек, мал азығындық маңызы одан бір де кем емес. Бұған дейін өңір халқын ғасырға жуық күріш асыраса, бұл жаңа дақыл сондай уақыт елді асырауы бел мүмкін, – деді ауылшаруашылығы саласының ардагері Алмас Нәлібаев.
Біздің елдегі тағы бір мәселе, дақылдың дәні, оны уақытпен реттейміз. Ең бастысы, биылғы сынақ нәтижелі болып, шаруалар келешегін осы дақылмен байлап, экспорт әлеуетін арттыруға ниетті.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
26 шілде 2022 ж. 2 229 0