Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫСҚАША ШЕГІНІС

ҚЫСҚАША ШЕГІНІС


Біз тұратын Қыраш ауылында Әбжан деген қария кісі болды. Кезінде бабалары қуғындалып, Тәжікістан асқан. Сол жақтан үйреніп қайтқанымен кәсіп қып, тал түсте огород шауып жатушы еді. “Атамның бақшасы сәбізге бітіп қалды” деп ойлап, аузымыздың суы құрып, көрмеген дақылды ұрламақ болдық. Екі-үш бала боп жұлып-жұлып алып қашқан самаурындай жемісті қайнатып ек, былқылдап пісті. Кесіп, нанның үстіне қойып жеп алдық. Тәтті. Диқан оны малына азық үшін егеді екен. Сәбіз емес, ләблама деп аталатын бұл дақыл қант қызылшасы екенін кейін білдік.

Нақ осы дақыл біздің өңірге тіленіп тұр. Оның жердің бетіндегі егіз тұқымдасы қауын мен қарбызды өсіргенде қант қызылшасын ескермегеніміз кемшілігіміз болмақ.
Маман ретінде айтарым, әр аймақта күн спектрі әртүрлі болады, дақыл күннен де, жерден де нәр алады. Біздің аймақта күннен күлгін сәуле бөлінеді, бұл айрықша тәтті дақылдар клеткаларын белсенді түзеді. Ал солтүстік аймақтарда күннен бөлінетін сарғыш-қызыл сәуле белок, май, крахмалға бай дақылдарға тиімді.
Құдайдың өзі табиғатымызға тарту еткен тәтті өнім – қауын, қарбыз дақылдары қатарында қант қызылшасының қалай бітік өскенін бала кезімде көрген әсерім болар, кезінде Келінтөбе кеңшарына басшылық еткен жылдары 20-30 гектар жерге егіп көрдім. Сонда әр гектардан 45-60 тонна өнім алдық. Егу тәсілі жерді жүйектеп, ұрық шашып жүгері еккенмен бірдей. Наурыздың соңын ала егіп, қарашаға дейін емін-еркін жинап алуға болады. Суыққа төзімді, сақтауға да оңай, іріп-ағып кетпейді.
Тәттілігі 17-18 пайыз, бір тонна өнімнен 170 келі қант аласың. Өңірді қантпен қамтамасыз ету бір бөлек, мал азығындық маңызы одан бір де кем емес. Бұған дейін өңір халқын ғасырға жуық күріш асыраса, бұл жаңа дақыл сондай уақыт елді асырауы бел мүмкін. Осы өнімді қайта қолға алуға бізге тек тәуекелділік керек.

Алмас НӘЛІБАЕВ,
ауылшаруашылығы саласының
маманы, аудан әкімі кеңесшісі
12 маусым 2021 ж. 1 043 0