№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жолдау әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталды

Жолдау әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталды

Аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков, мәслихат депутаты Баянбек Халжанов, Нұрлат Байгенже, Жанат Жүсіпова Жайылма, Сунақата, Төменарық ауылдық округіне арнайы барып, халықпен жүздесіп, атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Әрі ауыл тұрғындарының өтініш-тілегін білді.
Кездесуде Ғалымжан Жарқынбекұлы Президент Жолдауындағы басым бағыттарды тілге тиек етті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында елдің дамуында маңызды басымдықтарды айқындап, нақты тапсырмалар жүктеді.
Соның бірі – агроөнеркәсіп кешені экономиканың драйверіне айналдыру. Бұған біздің елдің географиялық, климаттық, ресурстық мүмкіндігі толық жетеді. Тек саланың жұмысын тиімді ұйымдастырып, заманауи жетістіктерді егін шаруашылығына енгізу керек. Әсіресе, өнім өндірі мен саланың кластерлік дамыуына көңіл бөлу маңызды. Сонда ғана бәсекеге қабілеттілігіміз артады.
Сыр өңіріндегі уақ, ірі қара малдың басым көпшілігі біздің ауданның еншісінде. Жыл өткен сайын жайылымдық жерлерді резерв есебінен кеңейту және шөп қорын тиісті мөлшерде дайындау қажеттілігі туындап келеді. Бұл саланың жүйелі дамуы үшін жеңіл өнеркәсіп саласымен ұштастыру керек-ақ. Яғни жүн, тері өндеуді жолға қойып, ет өндеуді де өрістетуге мүмкіндік мол.
Мұны неге айтып отырмын? Себебі біздің ауданның ауыл шаруашылығы саласы экономиканы дамытушы сектордан саналады, – деді мәслихат хатшысы.
Бүгінде ауданда байыпты бастамалар, ауқымды істер жүргізілуде. Әсіресе аудан әкімі инфрақұрылымды жетілдіруге басымдық берді. Елді мекендерді газдандыру, ауыз судың сервистік желісін жүргізу, жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандарды салу және т.б айту керек.
Мәселен, жыл аяғына дейін Ақүйік және Қыраш ауылдық округінде газдандыру жұмысы басталады деп күтіліп отыр. Келер жылы Құттықожа, Шалқия, Жайылма, Кейден елді мекенінде газдандыруды жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттарды бітіріп, қаржыландыруды жүзеге асырылады. Бұл қатарда Төменарық ауылдық округі мен Екпінді, Сунақата, Қожамберді, Еңбек, Сүттіқұдық елді мекенін де қосу керек.
Келесі мәселе – электр желілерінің тозығы жеткені. Бұл біздің ауданға ғана тән емес, барлық өңірге ортақ мәселе. Президент Жолдауында тапсырғандай, өңірлік даму бағдарламасына Жаңақорған кентіндегі электр желісін жаңарту, жаңғырту енгізілді. Жоба жүзеге асқан жағдайда елді мекендерді кезектілікке қойып, кенттен шыққан жарамды бағаналарды ауыстыруға мән беріледі.
Қазір ауданда интернет мәселесі өзекті. Осыған байланысты "Nur Otan" партиясының саяси кеңес отырысында талшықты оптикалық интнернет желісін жүргізу және мобильді байланыстан тарайтын интернеттің жылдамдығын арттыруды талап еттік. Бұл бағытта жұмыстар бекітілді. Мұны тағы пысықтау міндеті тұр. Кездесуде осы бағыттағы халықшыл істер жан-жақты талқыланды.
Кездесу барасында тұрғындар өздерінің ұсыныс-тілектерін білдіріп, атқаралып жатқан жұмыстарға көңілі толатынын айтты.
Айта кететіні, Төменарық елді мекенінде үй-үйге судың сервистік желісін кіргізу жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ биыл 8 көше орташа жөндеуден өтуі тиіс болса, соның 5-і асфальтанды. Жайылмаға баратын күре жол жөндеуден өтсе, алдағы жылы ауылдық клуб үйінің жаңа ғимаратын салу қарастырылып отыр. Ал, Сунақата ауылішілік жол жөнделді. Ендігі жылы ауыл әкімдігінің ғимаратын салу жоспарда бар.
Дегенмен елді мекендерге ортақ мәселе де жоқ емес. Ол – мобильді байланыс нашар және жоғары жылдамдықты интернет ұстамайды.
Жасұлан СЙЕДЕМЕТОВ
31 қазан 2021 ж. 1 633 0