Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Агроөнеркәсіп – экономиканың драйвері

Агроөнеркәсіп – экономиканың драйвері

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында елдің дамуында маңызды басымдықтарды айқындап, нақты тапсырмалар жүктеді.
Агроөнеркәсіп кешені экономи­ка­ның негізгі драйверіне айналуы тиіс. Бұған біздің елдің географиялық, климаттық, ресурстық мүмкіндігі то­лық келеді. Тек саланың жұмысын тиімді ұйымдастырып, кедергілерді дер кезінде шешіп отыру маңызды.
Маусымаралық мезгілде көкеніс түрлерінің бағасы қымбаттап, ауыл­шаруашылығы саласындағы жұмыс­тарға өз бағасын берді.
Биыл қуаншылық шаруаларды қат­ты қыспаққа алды. Әсіресе, Сыр өңіріндегі Арал ауданының еңбек адамдарына ауыр тиді. Осыған байланысты облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова шұғыл шара қабылдап, өңірдің оңтүстік аудандарында шем-жөп дайындайтын шаруашылықтарды Аралға көмек көрсетуге шақырып, үндеу жолдады. Мұны аудан әкімі Руслан Рүстемұлы тиімді үйлестіріп, шаруа қожалықтардың төрағаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізудің арқасында Аралға қажетті шөп жіберілді. Бұл іс әлі жалғасын табуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл бағытта жұ­мыс­тарға былай баға берді: «Біз жедел шара қабылдап, жем-шөп тапшылығына байланысты ахуалды реттедік. Дегенмен, бұл салада әлі де жүйелі жұмыс атқару керек. Жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейткен жөн».
Сыр өңіріндегі уақ, ірі қара мал­дың басым көпшілігі біздің аудан­ның еншісінде. Жыл өткен сайын жайылымдық жерлерді резерв есе­бінен кеңейту және шөп қорын тиісті мөлшерде дайындау қажеттілігі туындап келеді.
Жолдаудағы ауыл шаруашылығы саласын қолдаудың бірі – «шағын және орта шаруашылықтар үшін субсидия толығымен қолжетімді болу керектігін» айтты.
Біздің ауданда агросектордың не­гізгі бөлігі мал шаруашылығының үлесінде. Соңғы жылдары салалық бағдарламалар арқылы мемлекет та­рапынан ұсыналатын қолдау шара­лары арқасында мал басы артып келеді.
Шаруашылық құрылымдар биылғы жылға дейін мемлекет тарапынан малдың жем-шөбіне жеңілдіктер (субсидия) алып келген-ді. Алайда 2020 жылы жем-шөп қорын дайындағаны үшін шаруашылық құрылымдарына 50 пайыз көлемінде төленді.
Мемлекет басшысының Жолдау­ының бұл мәселені түбегейлі шешуді жолға қойғаны шаруалардың үмі­тін арттырғаны сөзсіз. Әсіресе, қуаншылық кезінде мұндай қолдау шаралары ауадай қажет.
Ғалымжан СОПБЕКОВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы
04 қыркүйек 2021 ж. 453 0