№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Депутаттар іске кірісті

Депутаттар іске кірісті


2021 жылдың 10 қаңтарында елдің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды оқиға орын алды. Яғни саяси реформалардың заңдық-құқықтық ережелерін қамтамасыз ететін Парламент Мәжілісі мен жергілікті атқарушы билік пен бұқараның дәнекері болатын мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Қоғамның саяси сауаттылығын шыңдаған сайлауда жаңақорғандықтар белсенділік көрсетті.


Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Сұлтан Ибрагимовтің сөзінше, аудан бойынша 42 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның ішінде, орталық аудандық аурухана, «Хорасан1» өндіріс кешені, «СКЗ-U» ЖШС, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ жабық сайлау учаскесі ретінде құрылды.
– Аудандағы азаматтық қоғамның белсенділігі байқалды. Әрбір сай­лау учаскесіне партиялардың бақылау­шылары қатысты. Сондай-ақ Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының 400-ден астам байқаушысы сайлау процесін бақылады. Аудан сайлаушыларының 80,9 пайызы өз таңдауын жасады. Оның 79,4 пайызы «Nur Otan» партиясына дауыс берді, 14, 1 пайызы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына, 3,3 пайызы Адал» саяси партиясына, 3,2 пайызы «Ақ жол» Демократиялық партиясына дауыс берді, – деді Сұлтан Мақсұтұлы.
Сонымен, аудандық мәслихатқа қай партиядан, қанша кандидат өтті? Бұл сұраққа сайлау комиссиясының төрағасы былай жауап берді: «Қазақстан Республикасы Конститу­циялық заңына сәйкес, жетінші шақырылған ау­дан­дық мәслихатқа «Nur Otan» партиясынан 13 кандидат, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 2 кандидат өтті».
Атап айтқанда, «Nur Otan-ның» партиялық тізімі бойынша Ғалымжан Сопбеков, Мәжит Балқожаев, Сермұ­хамед Оразгелдиев, Серік Мырзабаев, Жәудір Абдукәрімова, Нұрлат Байгенже, Әсемгүл Тілеубергенова, Жанат Жүсіпова, Мақсат Жүмәділов, Мейрамбек Қабетенов, Бақытжан Тулегенов, Әлібек Нәлібаев, Жасұлан Амалбеков және «Ауыл» партиясынан Баянбек Халжанов, Бағлан Ерімов аудандық мәслихаттың депутаты атанды.
15 қаңтарда VII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың 1-сессиясында депутаттардың ашық дауысымен Ғалымжан Сопбеков мәслихат хатшысы ретінде таңдалды. Аудан басшысы Руслан Рүстемов аудандық мәслихаттың VII шақырылымының депутаттарына елдік мүдде жолындағы қызметте сәттілік тіледі, әрі бұл шақырылымда 15 депутаттың 11-і жаңадан сайланғанын, көппартиялық құрамда түрлі сала қызметкерлері, белсенді жастар, іскер әйелдер мен қоғамдық ойдың көшбасшылары бар.
Жаңадан сайланған аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков:
– Ел сенімін ақтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлес қосып, қоғамның бірлігі мен татулығы жолында еңбек ететін боламын. Бұл мұратты жүзеге асыруда барша аудандық мәслихаттың депутаттары белсенді қызмет ететініне сенемін, – деді.
Айта кететіні, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің 1-сессиясында Мәжіліс пен мәслихаттарға білікті, абыройлы адамдар келгенін, бұған партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота белгілеу арқылы қол жеткізгенін сөз етті. Әрі сайлау – әлеуметтік тұрақтылықтың негізі екенін атап айтып:
«Тағы бір маңызды қадам – ауыл әкімдерін сайлау. Биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл – өте маңызды мәселе», – деді.
Бұл – сайлау мәдениетін жандан­дырып, демократиялық сайлау жүйесін дамыта беру керектігін көрсетеді.



16 қаңтар 2021 ж. 676 0