№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік бағдарламаның игілігі көп

Мемлекеттік бағдарламаның игілігі көп


«Ауыл – Ел бесігі» – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған бағдарлама. Яғни, елдегі әлеуметтік саланың оң шешімін табуға үлкен мүмкіндік берді. Оның игілігін аудан тұрғындары сезінді. Әсіресе, жол құрылысы, ауыз су, әлеуметтік нысандар салуда немесе жөндеуде осы бағдарламаның септігі көп. Бұл турасында тарқата айтсақ.

Алдымен, көшелердің жөнделуінен бастайық. Биыл Жаңақорған кент ішілік жеті көшенің орташа жөндеу ісіне рес-
публикалық бюджеттен 344 млн 676 мың теңге және жергілікті бюджеттен 31 млн теңге қаржы бөлінді. Мұндай ауқымды іс бұрын-соңды болған жоқ еді. Бұл – мемлекеттік бағдарламаның игілігі екені анық.

Бірақ, айта кету керек, кейбір көшеге төселген асфальт сапалы дей алмаймыз. Бұл жөнінде аудан әкімі Руслан Рүстемовте сынға алып, тиісті сала басшыларына қатаң бақылауды тапсырды. Мәселен, әкім Хорасан ата көшесіне арнайы барып, мердігер компанияның басшысына сапаға жіті көңіл бөлуді тапсырғаны есімізде. Ол жөнінде аудандық басылымда бірнеше мақала да жарық көрді.
Ипподром, Саяжай, Қорғантоғай, Түйменов, Қ.Алдаберген көшелерін орташа жөндеуге республикалық трансферт есебінен 267 млн 599 мың теңгеге, жергілікті бюджеттен 29 млн 733 мың теңгеге келісім-шарт жасалды. Ал үнемделген қаржы кентте кезек күтіп тұрған көшелерді жөндеуге бағытталды. Мәселен, республикалық трансферттен үнемделген қаржы Бакиров, Сығанақ, О.Бидашев көшесін орташа жөндеуге жұмсалды. Аудан әкімінің 2020 жылдың 15 қыркүйегіндегі №8 қаулысына сәйкес, қалған қаржы бюджетке кері қайтарылды.
Шыны керек, жоба аясында көшелер кеңейіп, жол қозғалысы реттелді. Әсіресе А.Иманов көшесіндегі асфальт сапасына тұрғындар дән риза. Сол секілді қалған көшелердің де сәні кіріп, тас жолдың орнына асфальт төселді. Бірақ кенттің күре тамыры саналатын Хорасан ата көшесіне байланысты әр түрлі пікірлер бар.
Әсіресе «Ауыл – Елбесігі» бағдарламасының игілігін білім беру саласы сезінді. Оның дәлелі, қанша жылдан бері күрделі жөндеуге сұранып тұрған №86 мектеп күрделі жөндеуден өткізілді. Шалқия тұрғындары мен ұстаздар ұжымы күрмеулі мәселенің шешілгеніне қуанышты.
Жаңақорған кентіндегі ең өзекті мәселенің бірі – ауыз су болса, оны жүргізу «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Бағдарлама арқылы Жаңақорған кентінің тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу сервистік желісінің құрылыс жұмыстарына 495 млн 160 мың теңге қаралды. Мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша «КазҚұрылысСервис» ЖШС мердігер компания болып табылды. Бірақ бұған дейін жазғанымыздай, конкурсқа түскен екінші компанияның сотқа шағым түсіруінің салдарынан құрылыс жұмысы тоқтатылып, тек қыркүйек айында басталды. Бүгінде аудан басшысы Руслан Рүстемов бақылауына алып, мердігер компаниядан сапалы жұмыс жүргізуді талап етуде. Айта кететіні, нақты сандарды аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінен алдық.
2019-2020 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында елдегі 300-ге жуық даму әлеуеті жоғары ауылдарды жаңғырту қолға алынды. Бұл – елді мекендердегі инфрақұрылымдарды дамытып, ауылдардың өркендеуіне тың серпін берді. Берекелі істің бағдарында Жаңақорған ауданының да бар екені қуантады.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
08 желтоқсан 2020 ж. 725 0