№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сайрамға сапар

Сайрамға сапар

Жаңақорған ауданының табиғаты көршілес Түркістан аймағының табиғатына ұқсас келеді. Жер жағдайы егін мен мал шаруашылығын дамытуға қолайлы болғандықтан қазіргі таңда облыста аграрлы сала үлесінің 18-20 пайызын біздің ауданның көрсеткіші құрап отыр.
Жергілікті әкімдік тарапынан кәсіпкерлердің даму қарқынын үдетуге қолдан келгенше күш салып келеміз.
Дегенмен, сараптай, саралай келе осы өсім деңгейімен тоқтап қалмай, белсенді кәсіпкерлерімізді одан әрі демеп, дамыту бағытында қарыстап емес, қадамдап жетілдірсек деген ниет бар. Байқап қарасақ, көршілес Сайрам ауданының кәсіпкерлік саласы едәуір ілгері озып келе жатқанын көреміз.
Осы өңір азаматтарының қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, оның ішінде: мал өсіру, бау-бақшалық дақылдар егу бағытында жетістігі орасан зор екенін бүкіл қазақ елі біледі.
«Неге біз кәсіпкерлеріміздің одан әрі өсуіне түрткі болмаймыз?»,
«Неге кәсіпкерлердің ынтасын одан әрі арттырмаймыз?»,
«Елде болса ерінге тиеді, ауылда болса, ауызға тиеді»,- деген дана халқымыздың сөздерін тілге тиек етіп, кәсіпкерлеріміздің жұмысы өрге дөңгелесе жұмыс орындары ашылады, халықтың әлеуметтік жағдайы артады, салық базасы ұлғаяды қысқасы, ауданымыздың дамуына үлкен үлес қосылады деген оймен тәжірибе алмасу мақсатында барлығы болмасада Жаңақорған ауданының ең белсенді кәсіпкерлерінің бір бөлігімен Сайрам ауданына сапарға шықтық. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласы бойынша пайдалы білім меңгеріп, тәжірибе аламыз деген ойдамын.
Руслан РҮСТЕМОВ,
аудан әкімі

21 мамыр 2021 ж. 1 187 0