№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АГРАРЛЫ САЛАНЫҢ АСУЫ

АГРАРЛЫ САЛАНЫҢ АСУЫ



Үшіншіден, аудан аграрлы сала, оның ішінде мал шаруашылығына бейім. Атакәсіпті арқау еткендердің қатары күн санап артуда. Бұл өз кезегінде аудандар арасында даму көрсеткішінің көш ілгері болуына ыпқал етті.

2019 жылдың қаңтар-маусым айы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 4 269,2 млн. теңге (103,6%) оның ішінде өсімдік шаруашылығы 33,6 млн. теңге (101,0%), мал шаруашылығы 4 222,5 млн. теңгені (103,5%) құрап отыр. Ал биыл аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі индикативтік жоспар бойынша 34 827 гектарға межеленіп, бүгінгі таңда нақты 36 175 гектарға немесе межеленген жалпы егіс көлемінен 1348 гектарға артық ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.
Аудан көлемінде шаруашылық құрылымдары бойынша 1934 тонна күріш тұқымы, оның ішінде 1540 тоннасы Маржан, 350 тоннасы Лидер, 44 тоннасы АйКерім сорттары себілді. Бұдан басқа 2019 жылдың егісіне ауылшаруашылығы құрылымдарының өз күшімен 20 тонна жаздық бидай, 20 тонна арпа, 58 тонна мақсары, 65 тонна жоңышқа тұқымдары дайындалып, себілді. 2019 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 2790 тонна, оның ішінде 2400 тоннасы азотты, 390 тоннасы фосфорлы тыңайтқыштар болса, қажетті 1242 литр гербицидтердің, қазіргі таңда шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 3360 тоннасы (120 %) сатып алынып, үстеп қоректендіру жұмыстары жүргізілумен қатар 1825 литр (146%) гербицид сатып алынып арамшөптерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Осыған орай, аудан бойынша күріш дақылының зиянкесі жағалық шыбынға қарсы жоспарланған 2020 гектарға өңдеу жұмыстары мен саяқ шегірткеге қарсы жоспарланған шаруашылық жерлерінен 10988 гектар толық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
27 шілде 2019 ж. 901 0