№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордалықтар жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын онлайн ала алады

Қызылордалықтар жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын онлайн ала алады

Қызылордалықтар нысандардың (пәтерлер, жатақхана бөлмелері, жеке гараждар мен саяжайлар) техникалық паспортының электронды нұсқасын рәсімдеу қызметін пайдалана бастады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұған дейін жылжымайтын мүліктің құжатын алу үшін ХҚО-ға барып, техникалық паспортқа қағаз жүзінде өтініш беріп, кейін мүлік иесі дайын болған құжатты алу үшін қайтадан халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек болатын.
Енді азаматтар техникалық құжатқа онлайн өтініш беріп, дайын үлгісін egov.kz электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіне кіру арқылы көшіріп ала алады. Бұл үшін жылжымайтын мүлік иесінің ЭЦҚ-сы мен құқық белгілейтін құжатының бірінің (сату-сатып алу келісімшарты, сыйға беру шарты, жекешелендіру шарты, сот шешімі) скан-көшірмесі болуы тиіс. Бастапқы төлем жүргізілгеннен кейін жылжымайтын мүлік иесі электронды құжаттың келгенін жеке кабинеті арқылы көре алады.
«Техникалық паспортты онлайн түрде алу мүлік иелерінің уақыты мен қаржысын үнемдеуге үлкен мүмкіндік береді. Бұл пилоттық жобаның біздің облыста жүзеге асып жатқанына бір айдай болды. Осы уақыт ішінде аталған қызмет бойынша 10-нан астам тапсырыс түсіп, орындалды», – деді филиал директоры Айдын Бөкенбайұлы.Айта кетсек, жылжымайтын мүлік төлқұжатын электронды түрде алу қызметі осы кезге дейін Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындарына ғана қолжетімді болған. Енді бұл тізімге Қызылорда қаласы да енді.
30 қаңтар 2021 ж. 1 570 0