№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұрғындар арасында түрлі сұрақтар бар

Тұрғындар арасында түрлі сұрақтар бар

   «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы Жаңақорған аудандық «жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бөлімі бірігу жолымен қайта құрылды. Енді бөлім «бір терезе» принципі бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мұны бөлім басшысы Төребек Артықов айтты.

   Оның сөзінше, жеке және заңды тұлғаларға міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарға, құрылыстарға және олардың құрамдас бөліктеріне мемлекеттік техникалық тексеру жүргізуді, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, мемлекеттік жер кадастрын беруді, жылжымайтын мүлік обьектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын алуды рәсімдей алады. Сондай-ақ, жер учаскелерінің жеке меншік құқығына жер актілерін беру, тұрақты жер пайдалану құқығына жер актілерін беру, уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына жер актілерді беру, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына жер актілер беру, жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау, сапалық жағдайда және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтер беру жұмыстарымен айналысады.
Техникалақ паспорт алу үшін жылжымайтын мүлік обьектісінің иесі немесе оның уәкілетті өкілі өкілеттігін растайтын құжатын, жылжымайтын мүліктің қабылдау актісін, бар болса жылжымайтын мүлікке қолданыстағы техникалық паспортын және жер учаскесінің құжатын, техникалық паспорт алу үшін төлем түбіртегін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттарын ХҚКО-ғы арқылы тапсырыс жасайды.
Тұрғындар арасында түрлі сұрақтар бар. Соның бірі – жылжымайтын мүлік обьектісінің меншік иесі ауысқан кезде техникалық паспорт өзінің заңды күшін сақтай ма?
– Меншік иесі ауысқан кезде техникалық паспорт өзінің заңды күшін сақтайды, – деді ол.
Онда заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер: жауапкершілігі шектеулі серіктестік, мемлекеттік қазыналық кәсіпорын және селолық тұтыну кооперативі, акционерлік қоғам және филиалдар тіркеле алады.
Жылжымайтын мүліктің құқықтарын мемлекеттік тіркеу, бұрынғы қолданыста болған заңға сәйкес, өтініш келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізілген болса, қазіргі таңда мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезінде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тіркеу, өтініш келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күнiне дейін қысқартылады.
Қазақстан Республикасының «Жылжы­майтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу электронды түрде енгізілді.
Елімізде соңғы жылдары мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру бойынша шаралар қабылданып, мемлекеттік қызмет түрлері электронды түрде көрсетіліп келеді. Бүгінгі күні жылжымайтын мүлікке құқықты электрондық тіркеу жүріп жатыр.
– Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында электронды түрде қызмет көрсетудің аясы кеңейіп келеді. Бұл тұрғындарға өте пайдалы. Яғни уақытын және орталыққа келіп-кетуге кететін қаражатын үнемдейді, – деді Төребек Артықов.

                                                                                                                                            Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
15 желтоқсан 2019 ж. 886 0