№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қарапайымдылық кісіге көрік береді

Қарапайымдылық кісіге көрік береді


– Тәуелсіздік – Ұлы Дала Елінің қайта жаңғырғанының белгісі. Еуразия кіндігіндегі тарихы бай, мәдениеті кемел ұлттың «Мәңгілік Ел» ретінде ғұмыр кешуіне кепілдік беретін ұғым. Тәуелсіздіктің құнын – ата-бабалардың азаттық жолындағы елдік, ерлік дастанына қарап, құдыретін – Қазақстанның бүгінгі жеткен жетістігіне қарап бағалай білуге болады. Ал, Мемлекет басшысының рухани жаңғыру идеясы ұлттың бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Әсіресе, білім беру саласын жаңғырту, патриотизмді арттыру секілді мәселелер өз уақытында қозғалды, – деп бастады әңгімесін ел ағасы.
– Сонда «Туған жер» бағдарламасы жастардың патриотизмін асқақтатады дейсіз ғой...
– Әрине, Елбасының бағдарламалық мақаласынан туындаған бұл басымдық өскелең ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыратыны сөзсіз. Әр адам туған жердің тумасы ретінде оның өсіп-өркендеуіне үлес қосса, бұл нұр үстіне нұр болатын дүние.
– Тарихқа көшетін 2017 жыл несімен есте қалмақ?
– Әр жылдың өз жемісі болады. Сол секілді 2017 жылы тарихи оқиғаларымен ерекше есте қалады. Биыл Елорда төрінде «ЭКСПО-2017» көрмесін өткіздік. Дамудың жаңа жолын іздеген мемлекеттердің басын қосып, Қазақ елінің кеңпейілділігі мен қонақжайлылығын әлемге паш еттік. Мәртебілі жиынды жоғары деңгейде ұйымдастыру арқылы Қазақстан өзінің әлеуетін жаһан жұртына дәлелдей білді.
– Сіздің еңбек жолыңызға қарасақ, 40 жылға жуық әр салада жауапты қызметтер атқарыпсыз. Қызметте абыройға жетуде қандай қасиеттерді қалқан тұттыңыз?
– Ең бірінші, ел қызметінде жүрген тұлғаларға жауапкершілік керек. Жауапкершіліксіз жұмыстың маңызын түсіне алмайсыз. Екіншісі, еңбекқорлық – жігіттің қаруы. Еңбексіз ешқандай жетістікке жете алмайсың. Міне, осы екі қасиет адамды алға жетелейді деп білемін.
– Сіздің пікіріңізше, басшыда қандай мінез болу керек?
– Басшыға кішіпейілділік, қарапайымдылық қасиеттері көрік берсе игі. Ең бастысы, ісіне адал әрі жұмысының білгірі болғаны абзал. Сонда жұмыстың сапасы артып, алға жылжуы ілгерілейді. Осындай ұстанымды бала жастан қазық тұттым.
– Қызмет жолыңыз қалай басталды?
– Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітіріп келгеннен кейін аудандағы ЖМК-34 мекемесінде жұмыс өтілімді бастадым. Алғашында тауар қабылдаушы болып, қайнаған жұмыс ортасында шыңдалдым. Кейін осы мекемеге есепші болып ауыстым. Одан әрі, аудандық май зауытында аға есепеші, №2 автотранспорт кәсіпорны жоспарлау бөлімінің бастығы болдым. 1983 жылы аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне бас экономист, содан соң аудан әкімі экономика комитетінің басшысы болдым. Ал, 1996 жылдан бастап мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында басшы болып, сол жерден еңбек демалысына шықтым.
– Сіз қандай әкесіз? Бала тәрбиесінде қандай талапқа баса мән бересіз?
– Қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесі өте өзекті мәселе болып қала береді. Өйткені, бүгінгі бала ертеңгі елдің болашағы. Олар бүгін біздің қолымызға қараса, ертең біз оларға қарап отырамыз. Сондықтан, бала тәрбиесі мен үшін бірінші орында тұрады. Оларды дұрыс жолға салу, әкеліктен бұрын адамдық парызым. Мәселен, біз отбасында алты бала өстік. Тәртіп қатал болды. Ата-анамыздың айтқанын бұлжытпай орындайтынбыз. Әкеміз әрдайым адалдыққа, біреудің ала жібін аттамауға үндейтін. Мен де балаларымның адалдықты серік еткенін қалаймын.
– Әкем адалдықты үйретті дедіңіз. Әке өсиеті есіңізде ме?
– Әрине есімде. Кез-келген бала үшін әкенің өсиеті – өмірлік рухани азық. Әкем Итаяқ ес білгеннен адал болуды, біреуге зиян тигізбеуді, аманатқа қиянат жасамауды бойымызға құйып өсірді. Дастархан басында «Ала жіпті аттамағанның абыройы биік», деп айтып отыратын. Осы сөзі жанымда сақталып қалыпты.
– Өмірде жеткен жетістігіңіз?
– Бүгінгі күнімнің өзі жетістік. Алланың берген өмірін сүріп, өз ортамда сыйлы болып, саналы ұрпақ тәрбиелегенім ең үлкен белес. Сол ұрпақ арқылы ертеңге атым қалып, өмірімнің жалғасары анық. Балаларыма дұрыс тәрбие беріп, барлығының білім алуына жағдай жасадым. Қазір әрқайсысы өз саласында қызмет жасауда. Мен үшін осы үлкен биікті бағындырғанмен парапар.
– Соңғы уақыт қоғамдағы басты өзгерістің бірі латын қарпіне көшу мәселесіне көзқарасыңыз?
– Жалпы, латын қарпіне көшуге қарсы емеспін. Расында, біз секілді жасы егде тартқан кісілерге меңгеру қиын болары анық. Бірақ, жастарға бұл қиынға соқпайды. Қазіргі ақпарат заманында латын әліпбиін жетік меңгерген адам әлемдік өзгерістерді тез меңгеріп, басқалармен бірдей заманауи жаңалықтарға дайын болатыны анық. Сондықтан көштен кеш қалмай қазірден үйрене бергеніміз дұрыс деп ойлаймын.
– Қоғамда орын алып жатқан тағы бір жаңалық зейнетақы жүйесіндегі жаңа реформа. Бұл туралы не айтасыз?
– Тиімді зейнетақы жүйесін жасау, әр азаматтың еңбегінің бейнетін көруін қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Сайып келгенде, зейнетақы жүйесіне бүгінде жұмыс істеп жүрген кез-келген адамның келешегі деп қараған дұрыс. Зейнетақы жүйесіндегі әр өзгеріске бәріміздің алаңдайтынымыз рас. Зейнетақыдағы жаңа реформа халықтың жағдайын жақсартудағы өзгерістер деп түсінген жөн. Мәселен, қазір зейнеткерлікке шығу жасы ұзартылды. Қоғамдағы қарсылықтарға қарамастан заң Парламентте қабылданды. Алайда, Елбасы елдің пікірімен санасып, оның жүзеге асыру мерзімін кейінге қалдырды. Яғни, «Қазақстан Республикасында зейнатақымен қамтамасыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жарты жыл сайын 63 жасқа жеткенше көтерілетін болады. Бұл да халық үшін жаалған жағдай деп ойлаймын.
– Әңгімеңізге рахмет.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
06 қаңтар 2018 ж. 1 879 0