№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЛЫПСАТАРЛАР, ПАЙДАНЫ ЕМЕС, ХАЛЫҚТЫ ОЙЛА!

АЛЫПСАТАРЛАР, ПАЙДАНЫ ЕМЕС, ХАЛЫҚТЫ ОЙЛА!

Ауылға барғынмын. Анам: – Үйде азық-түлік таусылды. Жаңақорғанға барып-қайтсақ қайтеді? – деді. Содан "Заңғар", "Береке" сауда орнынан қажетті азық-түлік түрлерін алдық. Сонда байқағаным, базарда адамның қарасы қалың. Ұнды қап-қаптап, макаронды қалта-қалта, күнбағыс майын қос-қостап алып жатқанына куә болдым. Картап, пияз, сәбізді де бірнеше қаптан көлігіне салып жатқан адамдар. Сауда орынында кезіктірген таныстырымнан мән-жайды сұрадым: – Түркістан жабылып. Бізде де жабылады-мыс. Аудан орталығы ашық тұрған уақытта молынан азық-түлік түрлерін алып қою керек. Жұрттың қарекетінен осыны ұғуға болады, – деді. Мұны сатушылар да құптады. Халықтыкі төтенше жағдайға байланысты қамдану жайы. Бірақ, қайдан білсін, нарықты реттейтін сұраныс пен ұсыныс екенін. Расында белгілі уақыт ішінде тауарларды тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі мен тілегі күрт артса, бағасы қымбаттап кетеді. Мәселен, "Береке" сауда орнында ай сайын 25-30 тонна сататын болса, соңғы екі аптада 45 тонна үн өткізген. Сауда орнының иесі Сейітқожаның айтуынша, ұнға сұраныстың артуымен қосымша жұмысшылар алған. Мұның өзіндік шығыны бар. Екіншіден, бір аптада Шымкент қаласына бірнеше рет барғандықтан, олар да сұранысты ескеріп, бағаны қымбаттатқан. "Біз аграрлы мемлекетпіз, астық та, ұн да, күнбағыс та, май да өзімізде өндіріледі, ал баға неге қымбаттайды?" – дейтіндер осыдан ой түюге болады. Естеріңізде болар, Ресейден қант келмейтін болды деген әңгіме шығып, базардан қантты алушылар артты. Соның салдарынан қанттың бағасы қымбаттады. Сұраныс төмендегеннен кейін, бағасы тұрақталды, бірақ түскен жоқ. Сол қалпында қалды. Жаңақорған ауданың әкімі Сұлтан Мақашов бастаған басшылар базарға барып, нарықты бағамдады. Сауда орындарының иелері, пайданы емес, халықты ойлау керектігін есетті. Сала басшыларына бағаны шарықтатып жібермеуді бақылау міндет екенін айтты. Тіпті азық-түлік түрлері көтерме бағамен қанша тең­гемен келетінін және оның үстіне бағаны қатты қымбаттатып жібермеуді қадағалап, нарықтың ырғын ұстап тұру керектігі пысықтады. Болмаса базар бағасы шарықтап кетсе, халыққа ауыр тиетіні сөзсіз. Біздегі "Заңғар", "Ғани", "Береке" сауда орындарының иелері мұсылманның бес парызын ұстанған, қажылық парызын өтеген азаматтар. Осындай қысыл-таяң шақта олар пайданы емес, халықтың мұң-мұқтажына мән беретініне сенеміз. Тіптен тауар қымбаттап келсе де, бағаны шарықтатып жібермейтін болар...
Нұрлат Байкенже.
22 наурыз 2020 ж. 1 120 0