Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТҮРКІСТАННЫҢ БАЗАРЫ-АЙ!

ТҮРКІСТАННЫҢ БАЗАРЫ-АЙ!

Осы «жаңақорғандықтар Түркістанның базарына неге үйір?» – деген сұрақтың жауабының анық-қанығына жақында көз жеткіздік.
Темір тұлпардың кем-кетігін жөндету үшін Яссыға тарттық. Таңғы сағат тоғыз болмай автокөлік бөлшектерін сататын базардың есігі айқара ашық екен. Сатушылардың қасынан өтсеңіз, іздеген керек-жарағың жайлы сұрап, тауып беруге тырысып бағады. Асты-үстіңе түсіп, бағасы мен сапасын салыстыра айта жөнеледі.
Lada Priora-ның жарық шамы қанша тұрады?
– Тұтас алсаңыз біреуі жиырма мың теңге.
– Қымбаттау екен.
– Егер қымбат болса, сыртын ғана ауыстыруға болады. Оны ауыстырып беретін электриктер көп, – деді.
Тоғыс мың теңгеге көліктің сол және оң жақ жарық шамын сатып алып, сатушы сілтеген жаққа беттедік. Алдымыздан қолына бұрағыш (отвертка) ұстаған электриктер шыға келді.
Біреуін тоқтатып:
– Priora-ның жарық шамының сыртын ауыстыру қажет.
– Ауыстырам.
– Қаншаға?
– Екі мың теңгеге.
– Қанша минутта ауыстырасыз?
– Жарты сағатта, – деп ісіне кірісіп кетті.
Уәделі уақыттан кейін келсек, бәрін тып-тинақтай тиянақты бітіріп қойыпты.
Әлгі сатушыға қайта барып:
– Көліктің ГРМ ремені бар ма?
– Бар. Бағасы он екі мың тұрады. Базардың сыртында көлікке қызмет көрсету орталығы (СТО) бар. Сол жерден ауыстырып алуға болады, – деп жөн сілтеді.  
СТО-ға барып ременді ауыстырып, желімдеу орталығында қосалқы дөңгелекті жаматып, не бәрі екі сағаттың ішінде жұмысты бітіріп кері қайттық.
Жол үстінде жаңақорғандықтар Түркістанға әуес болуының негізгі себебі сауда кластері дамығандығынан екенін ұқтым. Бір жерден барлық жұмысты бітіресіз, оның үстіне, бағасы да қол жетімді. Сатушылар іші-сыртына кіріп, сыпайы, майда тілімен тұтынушының көңілін табады. Мұндай жағдай киім-кешек, азық-түлік, құрылыс заттарын және төрт түлік сататын базарға да тән.
Ал, бізде ше?! Кейбір дүкеншінің мәдениетсіздігінен екінші рет сол сауда орнынан айналып кетіп жүретініміз бар.
Тіптен, тар өткелде қолына бірнеше самаурын кернейін тарсылдатып тұрған сатушыны көргендер мен базардың ішінде арба итергендерді көріп «сауданы қалай меңгерген?» – деп таңқаласыз. Құдай қосқан көршіден біздегілер «сауда мәдениетін неге үйренбейді?» деп ойлайтынымыз да рас...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
11 наурыз 2018 ж. 1 547 0