№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Патентті қалай алуға болады?

Патентті қалай алуға болады?


Баршаға мәлім патент – құзыретті мемлекеттік орган беретін және өтінім берілген объектінің өнертабыс екендігін (өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модель), өнертабыс басымдылығын, авторлық және өнертабысқа айрықша құқықты куәландыратын құжат.


Елімізде «Қазақстан Республика­сының Патент Заңы» жұмыс жасайды. Аталған Заңмен өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүлiктiк, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар реттеледi. Ал, интеллектуалдық меншiктiң өзге объектiлерiн (селекциялық жетiстiктер, интегралдық микротәсiм топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердiң атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актiлерiмен реттеледi.
Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттің берген құқықтық кепілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың құқықтарын және нормаларын бұзбай патенттік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.
Қазақстанда түрлі өнеркәсіптік үлгі мен нысандар қорғалады және патенттің бірнеше түрі беріледі. Егер зерттемеде техникалық шешім болса, ол өнертабыс немесе пайдалы үлгі ретінде қорғалуы мүмкін. Егер зерттеме сыртқы көрініс бұйымына жатса, онда өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалады.
Өнертабыс патенті өтінім берген күннен бастап 20 жылға жарамды. Қолданылуына Қазақстан Республикасында рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамада бекітілген рұқсат алу тәртібі талап етілетін дәрілік затқа, пестицид (улы химикатқа) жататын өнертабысқа келер болсақ, патент құқығын растайтын және айрықша құқық беру мерзімі патент иесінің өтінішхатымен ең көп дегенде 5 жылға ұзартылуы мүмкін.
Өнертабыс үшін патент қағаз түрінде сараптама және «өнеркәсіптік қолданылуы», «әлемдік жаңалық» және «өнертабыс деңгейі» патенттік қабілетінің шарттарына сәйкестігіне қатысты өтінім сараптамасын жүргізгеннен кейін беріледі.
Өнертабыс ретінде кез келген саладағы өнімге (құрал, зат, микроағза штаммасы, өсімдіктер немесе жануарлар жасушасының өсіріндісі), тәсіл (материалдық құралдардың көмегімен материалдық нысанға әрекет жасау процестер), сондай-ақ танымал өнімдерді немесе тәсілдерді жаңа мақсатта немесе жаңа өнімді белгілі бір бекітуде қолдануға жататын техникалық шешімдер қорғалады.
Қазақстан Республикасында пайдалы үлгіге берілетін патент 5 жылға жарамды және патент күшін сақтау үшін төлем беру шартымен 3 жыл мерзімін ұзартуға болады (барлығы 8 жыл). Пайдалы үлгіге патент «әлемдік жаңалық», «өнеркәсіптік қолданылу» патенттік қабілеті шартына сәйкестігі тексерілместен, көрсетілген талаптарға қатысты өтінім берушінің тәуекелі мен жауапкершілігі жүктеліп беріледі.
Пайдалы үлгі ретінде адамдар мен жануарларды емдеудің диагностикалық, терапиялық және хирургиялық тәсілдерінен өзге өнімге (құрал, зат, микроағза штаммасы, өсімдіктер немесе жануарлар жасушасының өсіріндісі), тәсіл (материалдық құралдардың көмегімен материалдық нысанға әрекет жасау процесстер), сондай-ақ танымал өнімдерді немесе тәсілдерді жаңа мақсатта немесе жаңа өнімді белгілі бір бекітуде қолдануға жататын техникалық шешімдер қорғалады.
Өнертабыс және пайдалы үлгіге патентті бірыңғай өнертабыс ойымен өзара байланыстырылған техникалық шешімнің бірнеше нұсқасын алуға болады. Кез келген зерттемені өнертабыс немесе пайдалы үлгі ретінде патенттей алмайтындығын түсіну керек. Қорыта айтқанда, патент алу үшін берілетін өтінімге қажет құжаттарды білгісі келетін ынталы кәсіпкерлер болса, аудандық әділет басқармасына келіп, сұрауына болады. Ұжым қызметкерлері қашанда халық сұранысына сай сапалы қызмет көрсетуге дайын.

Cәбит ИБРАЕВ,
Жаңақорған ауданаралық Әділет басқармасының басшысы, Қазақстан заңгерлер
Одағының мүшесі
25 ақпан 2020 ж. 971 0