«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Ералиев, Бақытбек Смағұл, Геннадий Шиповских пен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының орынбасары Ержан Байтілес  Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» күкірт қышқылы зауытының жұмысымен танысып, жұмысшы ұжыммен кездесті.
«СКЗ-U» зауыты – күкірт қышқылын дайындайтын Сыр бойындағы ауқымды өндіріс орындарының бірі. Шетелдік озық әрі тиімді, қоршаған орта үшін қауіпсіз технологияларды қолданатын зауыт мемлекеттің үдемелі - индустриялды иновациялық даму бағдарламасы аясында  2007 жылы құрылып, 2011 жылы пайдалануға берілген. Тәулігіне 1500, жылына 500 000 тонна күкірт қышқылын өндіреді. Осылай деп зауыттың құрылымы мен өндірістегі технологиялар жайында зауыттың бас директоры Мәдіхан Бекжанов баяндады.
Бүгінде мұнда 277 адам жұмыс істейді. Оның 65 пайызы жергілікті азаматтар. Орташа айлығы 150 000 теңге.  Бұл зауыт қызметкерлерінің жағдайы туралы кадр бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Рүстемовның сөзі.
– Зауыттағы әрбір қызметкердің жұмыс кестесі бекітілген. Бес уақыт тамақтанады. Мерекелік күндер мен әр маусымда сыйақы үлестіріледі, – деді кадр меңгерушісі.
Өндіріс орны биылдан бастап халықаралық Қожа Ахмет Ясауи атындағы университеттің ғылыми зерттеу орталығымен іскерлік байланыс орнатқан. Кездесуде орталықтың маманы, технология ғылымдарының профессоры Аманкүл Акбасова зауыт қалдықтарын агрошаруашылыққа пайдаланудың тиімді тұсын айтты.
– Өндіріс орнындажиналған қалдықты әр түрлі мақсатта қолдануға болады. біз осы зауыттан алынған қалдықтан көше төсемесін шығарып, университеттің 300 метр куб аумағына төседік. Алдағы уақытта осы істі күрделендірмекпіз. Әрі Ораңғай елді-мекеніндегі қауын-қарбыз егістігіне құртқа қарсы дәрі ретінде қолданбақпыз. Біз мұны зертханада зерттедік. Ендігі уақытта егіндік алқапта сынап көрмекпіз. Жемісті ағаштарға ұнтақталған қалдықты себу арқылы құрт пен шіреге қарсы тұруға болады. Мұны біз университеттің ботаникалық бағында іс жүзінде сынап көрдік, – деді профессор.
Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің "Экология" ғылыми зерттеу институтының директоры Аманкүл Жақанқызының ұсынысына мәжілісмендер қолдау білдірді.
 Сондай-ақ, халық қалаулылары зауыттағы энергия өндіру тынысымен танысты. Мұнда өнім өндірудің қуат үнемдеуші әдістері де кең қолданыс тапқан. Яғни, қышқылды өндіру барысында шығатын буды турбогенераторлар арқылыэлектр энергиясын өндіруге қолданып отыр.
– Мемлекет басшысы Үкіметке энергия үнемдеу саласында жалпы ішкі өнімді үнемдеуді 2020 жылға қарай 25 пайызға төмендету бойынша зор міндет жүктеген болатын. Бұл бағыттағы жұмыстарда біздің  кәсіпорынның қосып отырған үлесі қомақты. Яғни, зауыт қышқылды өндіру барысында шығатын бұдан қосымша  жалпы құны 4,3 миллиард теңге көлеміндегі сағатына 18 мВт электр энергиясын өндіріп отыр. Бұл зауытты электр энергиясымен қамтып қана қоймай аудандық электр желісіне де арзан энергия ұсынып отыр, – деді зауыт басшысының орынбасары Сәулебек Дүйсенбеков.
Өнімді өндіріс орнының жұмысымен танысып, ұжым мүшелерімен кездескен халық қалаулылары зауыт жұмысына табыс тіледі.
– Уранның әлемдік қорының үштен бірінен астамы біздің елімізде шоғырланған. Оны өндіруде күкірт қышқылының рөлі зор. Бұрын еліміз күкірт қышқылын алу үшін өзге елдерге тәуелді болса, енді бәрі керісінше. Зауыт толық қуатында, тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұл ел экономикасының  дамуына сүбелі үлесін қосып отыр деген сөз. Алдағы уақытта  күкірт қышқылы еліміздегі уран өндіретін кәсіпорындарда ғана емес, өзге де халық шаруашылығында  кеңінен қолданылатын болады деп сенеміз,-деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл.
Мәжілісмендер сондай-ақ тұрғындардың өтініштерін тыңдап Елбасы Жолдауы мен 5 әлеуметтік бастамасынан туындайтын міндеттердің  жүзеге асырылу барысындағы жұмыстарды кеңінен айтып өтті.
Мақпал МАРҚАБАЙ.
14 шілде 2018 ж. 1 159 0