№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан әкімі Сұлтан Мақашов ауылдық округтерді аралап, халықпен еркін форматта кездесті

Аудан әкімі Сұлтан Мақашов ауылдық округтерді аралап, халықпен еркін форматта кездесті

Аудан әкімі Сұлтан Мақашов ауылдық округтерді аралап, халықпен еркін форматта кездесіп, елдің тыныс-тіршілігімен танысқаны турасында жаздық. Бұған іштей разымыз. Өйткені аудан басшысының қарапайымдылығы жұмысшыға рухани күш сыйлайды, еңбекті бағалайды, мұнан жұмыс сапасы артатыны айдан анық. Ең бастысы, жұртпен етене жақын жасалған жұмыс берекетке бастайды. Сондықтан елді мекендерден бөлек өндіріс орындарының әлеуметін бағамдау да маңызды. Сонымен аудандық бюджетке салықтың басым бөлігін беретін өндіріс орындарымен танысуға бел буды.
Алдымен Сыр өңіріндегі ірі өндіріс орындарының бірі – «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ барды. Атқаралып жатқан жұмыстар таныстырған акционерлік қоғамның бас директоры Асқар Амангелдіұлы, заманауи технологиямен жабдықталған өндіріс орны цифрландырудың игілігін икемдеп жатқанын айтты.
Келешекте «Шалқия» тау-кен байыту комбинаты жоғары сапалы мырыш және қорғасын концентранттарын өндіретін болады. Өнімнің өңір экономикасына тигізер пайдасы зор. Ғылыми зерттеу жұмыстарын сараптай келе, мұнда 2051 жылға дейін кенді өндіру және байыту жоспарланған. «AMC Consultants (UK) Ltd.» компаниясы «Шалқия» кен орнындағы өнеркәсіптік қоры – 4,8 млн. тонна мырыш, 1,3 млн. тонна қорғасын екенін дәлелдеді. Жалпы, әлемдік нарықта мырыш пен қорғасынға сұраныс жоғары әрі бағасы да тұрақты. Негізінде өнімділігі 2 млн. тоннаны құрайтын кешеннің 1-кезеңін 2020 жылғы қазан айында пайдалануға беру жоспарда бар. Ал қуаттылығы 4 млн. тоннаны құрайтын алып кешеннің 2-кезеңінің жұмысы 2021 жылы қараша айында басталады деп күтілуде. Жобаны жүзеге асыру барысында 1500 адам жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі, – деді Асқар Джаукенов.
Сарапшылардың мәліметінше, әлемдегі жүзден астам ел өз аумақтарындағы қорғасын қорларын біріктірер болса, олардың ресурстық қоры Шалқияға жете алмайды. Жалпы жер-жаһандағы қорғасын қорының 77 проценті 11 елде, атап айтқанда, АҚШ, Аустралия, Қазақстан, Ресей, Қытай, Канада, Оңтүстік Африка республикасы, Үндістан, Солтүстік Корея, Иран және Тәжікстан жерінде жатыр. Яғни Шалқияның өніміне сұраныс жоғары деген сөз.
«Шалқия» полиметалл кен орнын «жерасты әдісі» арқылы өнеркәсіптік игеру жобасы бойынша 2020 жылы тау-кен өнеркәсібінің өндіріс көлемі 4 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Қазіргі таңда мырыш пен қорғасын шығаратын кеніште 700 өндірісші еңбек етсе, оның 250-ге жуығы жергілікті тұрғындар.
– Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қорының қаржысы есебінен кенішті сумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталуға жақын. Ол үшін Жаңақорған кенті мен Құттықожа ауылынан екі топтық су құбыры тартылуда. Сонымен қатар, алдағы уақытта салынатын кеніш пен кен-байыту фабрикасын жанар-жағармаймен қамтамасыз ететін жанар май қоймасы мен май құю бекетінің құрылысы аяқталуға жақын, – дейді Асқар Амангелдіұлы.
Оның сөзінше, жер астындағы сарқынды суларды биологиялық тазалау станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Өндіріске қажетті судың 30 процентін Құтқожа мен Жаңақорған кентіндегі Алтыкранттан алады. Қалғанын өндірістен шыққан суды қайта дайындап, пайдаланады. Облыстық бюджеттен қаралған қаржыға «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық жолынан Шалқия кенішіне дейінгі 15 шақырым жол салынды. Кеніштің аумағындағы жолдар да қайта жөнделді.
Одан кейін бағытымыз «СКЗ-U» ЖШС болды. Күкірт-қышқылы зауытының бүгінде жылдық қуаты 500 мың тонна болса, күніне 1500 тонна шикізат өндіреді. 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған зауыттың жетістігі аз емес. Былтыр жыл қорытындысымен «Парыз-2018» сыйлығының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында «СКЗ-U» ЖШС күміс статуеткамен серіктестіктің бас директоры Мәдіхан Бекжанов марапатталды.
Серіктестіктің бас директоры Мәдіхан Әріпұлы: «Алғашқы жылдары 100 мың тонна күкірт қышқылын өндірсек, кейінгі жылдары өндіріс жұмысы қалыпқа түсіп, өнімділік артты. Мәселен, 2018 жылдың қорытындысы бойынша зауыт 530 мың тонна күкірт қышқылын өндірді. Жоспар бойынша бұл көрсеткішке 2019 жылдың екінші жарты жылдығында жетуіміз керек болатын. Яғни жоспарды толығымен орындап келеміз. Сонымен бірге электр энергиясын өндіріп, аудандық электр желісіне арзан бағада берілуді, – деді.
Еуропалық стандарт бойынша жабдықталған зауыт толық автоматтандырылған. Мәселен жапониялық «Marubeni» және «ТЕРС» корпорациясы, канадалық «UraniumOne» компаниясы қатысуымен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ іске асырды. Ал, құрылыстың технологиялық жабдықтарын «Desmet Ballestra S.P.O.» (Италия) компаниясы құрған. Францияның «General Electric» компаниясы өндіретін энергогенераторлық қондырғыларды осы кәсіпорынның жабдықтаушы БК ЖШС «Союзкомплект» жүйелі жұмысты қалыптастырды. Уран өндіруші кәсіпорынға қажетті сілті қышқылын өндірудің шикізаты – «Теңізшевройл» ЖШС алынатын кесек күкірті болып табылады. Еске сала кетерлігі – қондырғының негізгі өнімі шығарылған күкірт қышқылы (93%) салмақты Н2SO4. Дайын өнімді (Н2SO4) тұтынушыға тиеп беруші «ЖаңақорғанТранзит» ЖШС автокөлікке тиеу-түсіру базасына дейін құбырмен жүзеге асырылады. Одан әрі «Қорасан-1», «Қорасан-2» кеніштеріне автокөлікпен және «Тау-кен» компаниясы ЖШС кәсіпорындары үшін теміржол көлігімен жеткізу қарастырылған. Зауыт жұмысының жан-жақтылығын дамыту үшін энергокомплексте сағатына 18 меговатт электр қуатын өндіру де қоса атқарылады. Оның 10 мегаватын жергілікті Жаңақорған электр желісіне қосылуы қарастырылған.
Аудан әкімі зауытты мұқият аралады. Мәдихан Әріпұлы күкірттен контакт әдісімен өндірілетін күкірт қышқылына дейінгі процесті таныстырды. Тіпті электр энергиясын алу жолын айтып берді.
– Заманауи технологиямен жабдықталған зауыт – ауданның мақтанашы. Бірақ Жаңақорғанның топырағында өндіріс құрып отырғандықтан жергілікті халыққа қол ұшын беріп тұру керек. Солай емес пе? – деді әкім.
– Әрине, әлеуметтік жауапкершіліктен қашқан емеспіз. «СКЗ-U» ЖШС еліміздің экономикасына үлес қосумен бірге әлеуметтік жауапкершілікті де қатар алып келеді. Қайырымдылық, демеушілік шараларынан қалыс қалған кезі жоқ. Зауыт құрылысы басталғалы Кейден ауылына көмек беріп келеміз. Ауыл тұрғындарының өтінішіне сай үш рет құдық қазып, оларға су тазартқыш орнатып бердік. Тұрғындардың үй алдындағы жерлеріне егін егу үшін дариядан су айдайтын электромотор орнаттық. Яғни, елді мекенді аяқсумен қамтамасыз етуге айтарлықтай жағдай жасадық. Жалпы, зауыт түрлі қайырымдылық шаралары мен көмекке 100-150 миллион теңге жұмсады. Мұнымен біз мақтанбаймыз. Алдағы уақытта да қайырымдылық шараларына бел¬сенді қатыса беретін боламыз, – деді бас директор.
Зауытта 271 қызметкер болса, соның 171-і аудан халқы. Оның ішінде Кейден ауылдық округінің тұрғындары да аз емес. Жалпы аудан бюджетінің 10 процентке жуығын төлеп отыр. Яғни аудан экономикасының дамуына қомақты үлес қосып отыр.
Аудан басшысы Сұлтан Мақашов қос зауыттың танысымен танысып, әлеуетін саралады. Алдағы уақытта уран өндіруші компаниялардың жұмысымен танысады.

Нұр-АЙТЖАН
14 қыркүйек 2019 ж. 727 0