№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Енді тікұшақтар дыбыссыз ұша алады

Енді тікұшақтар дыбыссыз ұша алады

     Тікұшақтың дауысынан құтылу үшін Nasa Langley Research орталығының қызметкері Эрик Гринвуд жаңа ұшақ ойлап тапты. Ол жағымсыз дауыстан құтылуға мүмкіндік беретін FRAME тәсілін ойлап тапқан екен. FRAME екі элементтің негізінде жұмыс істейді: тікұшақ даусының шығу себебін анықтау және жаттығу барысында жиналған ақпаратқа сүйену. Гринвуд физика заңдарына сүйеніп, тікұшақ даусының қаншалықты өзгеретіндігін болжай алады. Маман өзінің зерттеу жұмысының нәтижесін жыл сайын болатын Америка тікұшақ ұйымының 71-съезінде көпшілікке ұсынды.
     «Біздің моделіміз жұмыс істеуге қабілеттілігімен ерекшеленеді. Болашақта ұшқыштар ұсынылған құралдың арқасында дыбыссыз ұша алады. Мысалы, ұшқыштар оңға бағытталған бұрылысты түрлі тәсілмен орындайды. Ойлап көріңізші, сіз жүзеге асырайын деп тұрған тәсіл тікұшақтың дыбысын күшейтеді. Алайда FRAME дыбысы шықпайтындай етіп орындау тәсілін ұсынады», - деп Гринвуд өзгелерге құралдың мүмкіндіктерін түсіндірді. Гринвуд үшін өзі ойлап тапқан құралының соғыста немесе күнделікті өмірде пайдаланылатындығы маңызды емес. Бар болғаны құрал болашаққа жол сілтеп, тікұшақтарға да компьютермен басқару жүйесін енгізеді деген үмітте.
Massaget.kz сайты
22 маусым 2018 ж. 977 0