БАӘ МАРС ҒАЛАМШАРЫНА ҚАЛА САЛМАҚ
Біріккен Араб Әмірлігі Марс планетасына көлемі Чикагомен бірдей қала салмақшы. Сыйымдылығы 600 мың адамдық «Марс 2117» үлгісінің салынатындығы туралы Бүкіләлемдік үкімет саммитінде БАӘ-нің вице-президенті және Дубай әкімшісі Мұхаммед бен Рашид Әл Махтум мәлімдеді, деп хабарлайды hightech.fm ақпараттық порталы.
Бірақ, бұл жобаны жүзеге асыру үшін елге шетелдік серіктестер қажет екен. CNBC мәліметінше, Араб Әмірлігі Марсқа геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырған елдер қатарына кіреді. Сондықтан, аталмыш мемлекет Red Planet-да 600 мың адамнан тұратын кішігірім қауым құруды ұсынып отыр. «Марс 2117» үлгісі Дубайдағы Дүниежүзілік үкімет саммитінде виртуалды нақты форматта көрсетілді.БАӘ-де ғарыш агенттігі тек 2014 жылы ғана құрылды. 2021 жылға қарай агенттік Марс немесе Hope-ге аппаратын жіберуді жоспарлап отыр. Ел өз зымырандарын шығармайды, бірақ, «Popular Science» атап өткендей, басқа елдерден жеке компанияларды тарту үшін қаржылық мүмкіндіктері бар. Осылайша, БАӘ Hyperloop вакуумдық пойыз жүйесін құрудың алғашқы елі болмақ.