№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ВАКЦИНАЛАУ: қандай ауруларды жеңіп шығады?

ВАКЦИНАЛАУ: қандай ауруларды жеңіп шығады?

Елімізде 2 млн-нан астам халық коронавирусқа қарсы екпе алды. Әлеуметтік желіде көптеген тұрғындар екпе алғаннан кейін жағымды жаңалығымен бөлісіп, көптің қызығушылығын арттыруда. Біздің жаңақорғандық фейсбук қолданушылары да көптен қолы жетпей жүрген арманына қол жеткізгенін жазып жүр. Расында екпенің адамға қаншалықты пайдасы бар? Біз осыны білуге тырысқан едік.

Әлем желідегі «екпеден соң бала көтердім»,«екпеден соң жарам жазылды» деген мәтіндегі ақпараттарға аса мән бермей жүрген едім. Шаруаларыммен аудандық емханаға барғанымда кезегін күтіп отырған екі әйелдің әңгімесін құлағым шалып қалды.
– Жыл сайын жазғы уақытта шаң-тозаңға аллергиям бар еді, екпеден кейін құлан таза айықтым. Бізде сатыла бермейтін фирмалық жақпа майларды қыруар ақшаға алдырып, машақаттанатын едім, жақсы болды енді, – дейді мектепте мұғалім болып істейтін Жадыра Шахиева.
– Менің жолдасымның арқасында 4 жыл болған жарасы бар еді. Біресе псориаз, біресе көз жарасы деп шаршататын еді. Вакцина салдырғаннан кейін өзінен-өзі кішірейіп, жарасы жазылып, енді орны ғана қалды. Соған қарағанда вакцинаның құрамында шипагерлік бірдеңе бар-ау, – дейді Мария апа ақ жаулығымен аузын басып.
Екі ананың айтқан бұл әңгімесі құлағымда жаңғырып қала берді. Шынында, вакцина денсаулыққа қаншалықты пайдалы? Осы сауалды емхана дәрігері Жанар Жапековаға төтесінен қойдым.
– Иә, біздің аймақтық дәрігерлік пункте күніне осындай жағымды жаңалығымен бөлісіп келіп жатқандар бар. Көбіне бұл тері ауруларының жазылуына себепкер болуда. Оның ішінде бала көтермей жүрген отбасыларына қуаныш сыйлауда, – деді дәрігер.
Ғалымдар вакцинаның адам ағзасына пайдасы мол екенін айтады. Екпе алған адам инфекциялық аур
денедегі қатерлі вирустарды жойып жібереді. Осының салдарынан аллергиялық, симттомдық, потологиялық аурулар сап тыйылады екен. Жақсы нәтиже берудің басты себебі, иммундық жүйеде COVID-19 ауру қоздырушысына қарсы жасушалық және қан сарысуында гуморалдық антиденелердің жеткілікті мөлшерде пайда болуының көрсеткішінде. Осылайша, оң көрсеткіштерге ие болған отандық вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі халық арасында байқалып отыр.
Бұл туралы Республикалық диагностикалық орталықтың клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Елена Ковзель:
– «Иммундық жауаптың өзі, қорғаныс иммундық антиденелері 2-3 аптада қалыптаса бастайды. «М»-иммуноглобулиннің алғашқы қорғаныш антиденелері вакцинациядан кейін 7-8 күнде өне бастайды. Ал біз алғымыз келетін иммунитет екі-үш аптадан кейін қалыптасады. Вакцинаның екінші дозасы осы себепті үшінші аптада енгізіледі. Осы кезде екпе алған адамдарда түрлі аурулардан айығуы анық айқындалады», - деді ғалым.
Ол вакцинация қалыптастырған иммунитеттің қанша уақыт түзілетінін айтты. «Бұл вакцина тұмауға қарсы вакцина сияқты жұмыс істейді. Өздеріңіз білетіндей, біз жыл сайын тұмауға қарсы вакцина аламыз. Күтілетін ең жоғары иммундық жауап, әрине, екі жыл десек, осы екі жыл бойы әр түрлі індеттен қорғайтын қорғаныш түзіледі», – деп түйіндейді.
Жергілікті дәрігерлер вакцина салдыру науқаны ауданда жүзеге асып жатқанына көп болмағанымен, оң нәтиже көрсетіп жатқанын жеткізді. Демек, жыл соңына дейін мұндай жағымды жаңалықтар болатынын аңғару қиын емес. Бір сөзбен айтқанда, вакцина – қорғаныш қызметті қалыптырса, екінші жағынан түрлі инфекциялық ауруларды жоюға жол ашуда.
Мақпал МАРҚАБАЙ
29 маусым 2021 ж. 1 235 0