№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» ВАКЦИНА: енжар қараймыз ба, әлде емге балаймыз ба?

ВАКЦИНА: енжар қараймыз ба, әлде емге балаймыз ба?

ЕКПЕ ЕМ БЕ, ӘЛДЕ...
Ботакөз Есенкелді, аудандық дәрігер-иммунолог:
– Жалпы аудан бойынша екпеден бас тартқандардың саны – 10. Оның 8-і діни көзқарастағылар, 2-і вакцина жайлы интернет ресурстар арқылы ақпараттанып, бас тартқандар. Негізі биылғы жылға біреу ғана тіркелді. Соңғы үш жылға көз жүгіртсек. 2013 жылы – 3, 2014 – 4, 2015 – 2 тұрғын.  
Ағымдағы жылдың алты айында атқарылған иммунизацияға тоқталсақ. Екі айлық балалардан – 857, төрт айлықтан – 1087, бір жасқа ККП егу – 967, алты жастағыларға – 1759, сал ауруының алдын алу үшін – 1204 бала, екі жастағы балаға Гепатит-а екпесін егу – 865, манту, туберкулездің алдын алу – 3792, пневманияға қарсы – 2515 балаға екпе егілді.  
Ал, жыл басынан аудандық перзентханада 669 бала дүниеге келсе, оның 652-не БЦЖ, 667-сәбиге гепатитке қарсы екпе егілді. Қалған балғындарға  учаскелік дәрігелер егу үстінде. Әзірге облыс бойынша вакцина тапшылығы байқалғандықтан екпе егу саны аз болып тұр.
Бізде иммунизациямен қатар тұрғындар арасында түсіндірме жұмысы қатар жүреді. Аудандық орталық аурухана, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық мешіт және аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы мамандарымен  бірлескен жылдық жоспар бар. Сол жоспар бойынша тоқсанына бір мәрте аудан тұрғындарымен түрлі кездесулер мен семинар өткіземіз. Соңғы кездесудің бірі ретінде сәуір айында «Ордакент» үйінде ұйымдастырылған алқалы семинарды айтуға болады–дейді дәрігер.
Сондай-ақ иммунолог Б.Есенкелді аудандық ақпараттық насихат мүшелерінен бөлек, аудандық аурухана жанынан құрылған арнайы топ бар екенін жеткізді. Онда: педиатр, аймақтық дәрігер, иммунолог, эпидемиолог, психолог, әлеуметтік қызметкерлер бірлесе отырып, екпеден бас тартқан тұрғындардың үйіне жеке-жеке түсіндірме жұмысын жүргізетінін тілге тиек етті.
Иә, маман сөзінен діни көзқарастағылардың бар екенін білгеннен кейін дін өкілін сөзге тарттық.
– Асыл дініміз Ислам  балаға екпе алуға қарсы деп айту қате пікір деп ойлаймын. Мәселен, қазіргі таңда мұсылман баласы бесінші парызын өтеу үшін қажылық сапарға дайындалу үстінде. Енді кезекте Меккеге аттану үшін міндетті түрде минингитке қарсы вакцина салдыру керек. Егер бұл талап орындалмаған жағдайда қажылық сапарға рұқсат берілмей жатады. Сондықтанда екпеден бас тартудың ешқандай себебі жоқ. Тек, дәрі құрамында шошқаның майы болса ғана бас тартуға болады, – дейді     
---
11 наурыз 2018 ж. 1 589 0