№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» ЖАС ИННОВАТОРДЫҢ ЖЕҢІСІ

ЖАС ИННОВАТОРДЫҢ ЖЕҢІСІ


Бүгінгі жастар жаңашыл, талапшыл. Олардың бойында буырқанған талпыныс зор. Ендеше қазіргі жас буынға мемлекет пен қоғамда болып жатқан оң өзгерістердің қайнаған ортасынан табылып, Ұлы дала елінің иелері өздері екенін ұғындыра түсу қажет. Ақмола облысының Зеренді ауданында «Зерен-2019» жас көшбасшылар жобасының 15 күндік білім лагері жоғарыда аталған мақсат үдесінен шыға білді.


Білім лагерінде бизнес-жоба­лар конкурсының нәтижесінде жаңа­қор­ғандық жас, Халықаралық бизнес универ­ситетінің студенті Ерқанат Еркінбек өз жобасын қорғап, 1 миллион теңге ұтып алды. Алдағы уақытта ол және оның командасы бұл қаржыны тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде жұмыс істейтін жаңа инновациялық мессенджер құруға жұмсайды. Креативті жастың жобасымен жақынырақ танысу үшін Ерқанаттың өзімен тілдестік. Білім лагерінде жинаған тәжірибесі мен алған әсерін сұрадық.
– «Zeren Camp – 2019» республикалық білім лагеріне 18-29 жас аралығындағы Қазақстанның барлық аймағынан және Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан секілді бауырлас елдің жас көшбасшылары келді. Мұнда екі апта бойы елге танымал мотиваторлар мен бизнес-тренелердің семинар, тренинг, тақырыптық жобалар мен идеяларды іріктеу шараларына қатыстық. Жастар жылына орай ұйымдастырылған жазғы лагерьге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысып, сәттілік тіледі, –– дейді Ерқанат Еркінбек.
Тілдесу барысында жас инноватор «Zeren Camp – 2019» жазғы лагеріне қатысу оңай болмағанын жеткізді.
Әуелі үш кезеңдік оқу кезеңін қамтитын Зерендіге 600 шығармашыл жас арнайы портал арқылы өтінім жолдаған. Ол өтінімде эссе жазу міндетті болған. Яғни әрбір жас өзін таныстыра отырып, «Zeren Camp – 2019» жазғы лагеріне қатысу арқылы өзінің ұсынған жобасы оның өзі тұратын аймаққа қандай пайда әкелетінін нақты көрсетуі міндеттелген. Міне, осындай 600 өтінімнің ішінен 200 жас іріктеліп, жазғы лагерьге қатысуға жолдама алады. Мұнда жастар командаға бөлініп, азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлікті дамыту, жасыл экономика, креативті экономика және жаңа медиа бағыты бойынша бақ сынаған.
– Лагерь бағдарламасы бойынша әр команда бизнес жоба дайындап, әр кезеңнен 10 үздік жоба таңдалды. Осылайша үш кезеңнің қорытындысымен 30 бизнес жоба жүлде қоры 15 миллион теңгені иемденді. Негізі біздің команда ұсынған жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инновациялық мессенджер қосымшасы болып табылады. Идея авторы өзім. Жоба атауы – «Be my friend» деп аталады. Яғни, «Менің досым бол» деген мағына. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл мобильді қосымшаға екі үлгіде тіркеледі. Біріншісі, «Маған көмек керек», екіншісі «Мен көмектесе аламын» деп аталады. Кез келген жаны жомарт ерікті мобильді қосымшаны ұялы телефонына жүктеп, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесе алады, – дейді Ерқанат Еркінбек.
Енді қалай көмектеседі деген сауалға келсек. Мәселен, көмекке мұқтаж жан инновациялық мессенджерге «Мен бүгін киноға барғым келеді» немесе «Маған мотивация беретін кітап қажет» деген жазба қалдырса, кез келген ерікті кері байланысқа шығып, көмектесе алады. Ал «Мен көмектесе аламын» деген айдарда «Мен бүгін немесе ертең жеке автокөлігіммен мүмкіндігі шектеулі екі баланы ойын-сауық орталығына қыдыртамын» деп жазба қалдыруы мүмкін. Осындай онлайн мессенджер арқылы Ерқанат қайырымды ерікті жандар мен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында алтын көпір орнататын ойы бар. Әрине, қоғамға пайдалы бұл ойын жүзеге асыру үшін күзде бағдарламаны жасауға кіріседі.
Шыны керек, кенттегі №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектеп түлегі Ерқанат Еркінбектің инновациялық білімге деген құштарлығы зор. Ол бұған дейін университет қабырғасында жүріп, 11 мәрте республикалық, халықаралық пікірсайыстың жеңімпазы атанған. Одан бөлек, «Хабар» агенттігіндегі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны мен «Кім мықты» тапқырлар бағдарламасында оқ бойы озық шығып, үздік атанған. Бүгінде Халықаралық бизнес университетінің қаржы мамандығының төртінші курсына өткен Ерқанаттың ендігі арманы өзі жеңіп алған 1 миллион теңгеге инновациялық мессенджерді іске қосу. Ол үшін креативті жас бар күш-жігері мен білімін жұмсайтынын жеткізді.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ
---
10 тамыз 2019 ж. 767 0