Жастар форумы өтіп жатыр
Елорда жастарын бизнес бағытында қолдау және ынталандыру мақсатында «Jastar jalyny» форумы өтіп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан айтулы шарада бизнес қиындықтарына мойымай, үлкен жетістіктерге жеткен танымал тұлғалар өз тәжірибелерімен бөлісіп, бизнестің қыр-сырымен таныстыруда. Форумның негізгі мақсаты - икемділік пен ашықтықты қалыптастыру, жастарды кең ауқымды өзгерістер мен жетістіктерге жетелеу. Олардың бір-бірімен танысып білім мен тәжірибе алмасу және болашақ серіктестерімен іскерлік келіссөздер жүргізуге мүмкіндік туғызу. Шараға елімізге танымал, жастарға қолдау білдіріп, алға ұмтылдыратын түрлі сала өкілдері, оның ішінде Динара Сәтжан, тележүргізуші, Андрей Судаков 2Gis Астана жобасының негізін қалаушы, Серік Есматов, паралимпиадалық спортшы, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы, Нұрлан Өтешев, «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының төрағасы, Арслан Дәрімов «Rocket Study» жобасының жетекшісі, Алпамыс Шәрімов, ТВ продюсер, PR менеджер, Дмитрий Корепанов «Қазақстанда жасалған» сауда және қызмет орталығының директоры және тағы басқа барлық саны 20-ға жуық арнайы қонақтар шақырылды.
«Бұл форум Елорда төрінде осымен 8-ші рет өткізіліп отыр, бірақ осы жолғы форумның жөні бөлек, оны өздеріңіз де жақсы білесіздер, Елбасы өзінің жаңа Жолдауында келесі жылды жастар жылы деп атап өтуді ұсынды. Алдағы жылы еліміздің жастары үшін жасалатын шаралар мен атқарылатын істер көп және ол бүкіл еліміз бойынша жүргізіледі. Ал оның ішінде бас қаламыз Астана мен оның жастарының орны бөлек. Адам өміріндегі ең қымбат дүниенің бірі уақыт десек, сол қымбат дүниеді жастық шақта дұрыс пайдалана білу маңызды. Сіздерге айтпағым, қымбат уақыттарыңызды білім алуға, жаңа, жақсы дүниені үйреніп, білуге жұмсаңыздар. Ол үшін елімізде барлық мүмкіндік жасалған. Бақытты өмір сүргілеріңіз келсе, бүгіннен бастаңыздар», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.
Форум барысында жастар арнайы шақырылған қонақтармен бейресми түрде сөйлесіп, пікір алысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оған жауап алу мүмкіндігі қарастырылған. Шараға елорда университеттері мен коллеждерінің 200-ден астам студент жастары қатысуда.

Пікір 3