Құрылтай

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақстанда Жастар жылына қанша ақша бөлінеді?

Қазақстанда Жастар жылына қанша ақша бөлінеді?

   Қазақстанда Жастар жылына республикалық бюджеттен 24,6 миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" газеті Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

  "18-29 жас аралығындағы азаматтарға 3 миллион теңге көлемінде 200 грант бөлінеді. Ол үшін "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында 600 миллион теңге қарастырылып отыр. Гранттар инновациялық, IT, сондай-ақ, тиімді және қажетті бизнес жобаларды таныстырған жастарға бөлінеді. Бұл жастарға кәсіпкерлік ынтасын жоғарылатуға мүмкіндік беріп, мемлекеттің қаржыландыруы арқылы жақсы start up бастауға мүмкіндік береді",   -деді қаржы вице-министрі Татьяна Савельева.

   Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 9 мың мемлекеттік грант бөлу қарастырылып отырғаны айтылады.

Вице-министр гранттардың "Бастау Бизнес" жобасындағы кәсіпкерлік негіздері курстарынан өткен қатысушыларға берілетінін айтты.


Е.Раймбек.

15 наурыз 2019 ж. 1 191 0