БЕДЕЛ БИІГІНДЕГІ БІЛІМ ОРДАСЫ
ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтың туын биік ұстайтын жас ұрпақты тәрбиелеу – маңызды міндет. Осы тұста, Тұңғыш Президенттің: «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек» – деген нақылы өз өміршеңдігін көрсетуде. Иә, адами капиталдың көрсеткіші – білімде. Олай болса, «Мектеп тынысы» айдарының алғашқы таңдауы – кент орталығындағы №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектебі.
Мемлекет және қоғам қайраткерінің есімін иеленген білім ордасына бүгінде Жеңіс Ибрагимов басшылық етуде. Қалыптасқан кадрларымен келешек көкжиегін кеңейтуге барын салып жүрген мектеп білім бәсекесіндегі көрсеткіш бойынша аудандағы үздік бестіктің қатарынан қалмай келеді. Білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын критерийдің бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеу. Сондықтан да мектеп басшысынан соңғы 3 жылдағы ҰБТ-ның көрсеткішін сұрадық.
– Елімізде білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – экономиканың тұрақты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Яғни, адами капиталдың әлеуетін арттыру маңызды. Осы тұста, ҰБТ-ның көрсеткіші жыл санап жоғарылап келеді. Мәселен, 2015-2016 оқу жылында ҰБТ орта балы 80,4 құрап, 5 оқушысы «Үздік аттестат» иегері атанды. Ал, 2016-17 оқу жылында ҰБТ орта балы 75,8 құрап, 4-оқушысы «Алтын белгі» иегері атанды. Соның ішінде 24 – оқушы Мемлекеттік грантты жеңіп алды. 2017-2018 оқу жылында ҰБТ орта балы 88 құрап, 3 оқушы «Алтын белгі» және 3 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды
Сәтін салса, биыл 2018-2019 оқу жылында бітіруші түлек саны 34 оқушы, ал соның 22-сі ҰБТ-ға қатысқалы отыр. Жылдар бойғы еңбек өз нәтижесін береді деген сенімдемін, – дейді Жеңіс Ибрагимов.
Тұңғыш Президент Жолдауында 2019 жылдан бастап Мұғалімдердің мәртебесін айқындайтын Заң қабылдау керектігін атап өтті. Расында, «Алты алаштың баласы бас қосса – төр мұғалімдікі». Бұл Мағжан Жұмабаевтың айтқаны. Осы орайда, №125 орта мектептің біліктілігін бағамдадық. Білгеніміз, қазіргі таңда бұл білім ордасында 111 мұғалім бар. Жоғары санатты мұғалім - 21, І санатты мұғалім - 47, ІІ санатты мұғалім - 28. Жоғары білімді мұғалім - 107, арнаулы орта білімді мұғалім – 4. Оған қоса, 2015 жылы «Назарбаев» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім жаңарту аясында мектеп мұғалімдері және мектеп басшысы біліктілік арттыру бағдарламасы бойынша арнайы курстардан өткен. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы педагог кадрлар біліктілігін арттырудың бағдарламалар аясында бірінші «базалық» деңгей бойынша 3 мұғалім, екінші «базалық» деңгей бойынша 2 мұғалім, үшінші «базалық» деңгей бойынша 14 мұғалім 3 айлық курстан өтіп, бағдарлама бойынша жұмыс жасауда екен. Дәл бүгінгі күні жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту курсын 1 мұғалім біліктілігін арттырып жатқанын білдік.
«Бітер істің басында, жақсы жүрер қасында» демекші, мектепішілік шараларды ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Төлеу Ұлбосын бастаған іскер ұстаздар бар. Ал, мектептің бастауыш сыныптар жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыруда Мақсұт Сүгірбаев пен орта буындар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруда Жарылқасын Бердіманов ағамызды айтуға болады. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ақерке Шайықова мен Бақытжан Жаппаров та шәкірттерге тәлімді тәрбие беру бағытындағы шараларын ұтымды ұйымдастырып жүр. Оған қоса, директордың кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары Марал Камалова бітіруші түлектердің кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт-бағдар беріп, аудандағы тапшы мамандықтарды сараптап, саралап отырады.
Сонымен қатар, мектеп тренері Ғалия Бегентаеваның басшылығымен тренинг, коучинг, тізбектелген сабақтар жоспарланып, мектептегі әр тренерден тәлім алушылар жұмыстары сараланып әдістемелік жұмыстар ұйымдастырылады екен. Бұдан бөлек, мектеп тренерлері: Мөлдір Ақынбекова, Гүлмира Айтжанова, Алма Оразбек бастаған ұлағатты ұстаздар бар білгенін әріптестеріне үйретуден жалыққан емес. Шәкірттерді түрлі ғылым, мәдениет, спорт бағытындағы додаларға дайындауда шығармашыл ұстаздардың орны ерек. Оның қатарында; Айгүл Жұбаниязова, Гүлнар Искакова, Аманкүл Игисинова, Света Көптілеуова, Эльмира Қонысбекова, Гүлжазира Жалғасбекова, Бақтыгүл Түркпенбаева, Шынар Бекенова, Меруерт Оспанова, Әлия Камалова, Үміткүл Омарова, Лаура Сатқанбаева, Нурия Бердазимова, Жанар Төлекова, Ғалымжан Айдарбеков, Маржан Мадиева, Сәуле Далабекова, Лола Реметова, Ерлан Мамбаев, Мұратхан Ибраимов, Сәкен Нурдиллаев, Мұхтар Дүйсебеков бар.
Мектеп тынысымен танысу барысында директорден шәкірттердің жеткен жетістіктерін сұрадық. «Шәкірт – жетістігі, мұғалімінің жемісі екені айқын. Әрине, жеке-жеке бәрін атап өту мүмкін емес. Десе де, өзге шәкірттерге үлгі болсын деген ниетте үздік оқушылардың бірқатарын атап өтсек», – деді Жеңіс Ибрагимов.
Расында озат оқушылар көп екен. Десе де, солардың бірқатарына тоқталып өтсек. Жанна Абилла орыс тілі пәні бойынша облыстық Олимпиададан жүлделі ІІІ орын иегері болса, 2017-2018 оқу жылында 12-оқушы аудандық Олимпиададан жүлделі І,ІІ,ІІІ орынға ие болған. Аталмыш Олимпиадада бірінші орын алған 9 сынып оқушысы Әкім Азамат облысқа жолдама алған. Биылғы оқу жылында Пәндік олимпиадада І-кезеңінде (аудандық) 13 оқушы жүлдері орын алып, 2 оқушы облыстық олимпиадаға қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленген.
Сонымен қатар жақында ғана №125 орта мектептен құрылған жас футболшылар республикалық «SPORT FESM Қазақстан» спартакиадасында кіші футболдан І-орын алып, жеңіс тұғырынан көрінген. Ал, төтенше жағдайға байланысты ұйымдастырылған облыстық оқушылар арасындағы сайыста жүлделі ІІ орынды иеленсе, «Табиғатты аяла» облыстық форумында мектеп мұғалімі А.Оразбек пен 8-сынып оқушылары командасымен қатысып, жүлделі ІІ орынды қанағат тұтқан. Бұдан өзге аудандық, облыстық, республикалық білім байқауларында осы мектептің шәкірттері топ жарып, аудан абыройын асқақтатып жүр.
Жаза берсек, жеткен жетістік те, бағындырған белес те жетерлік. Бірақ, тоқмейілсуге тағы болмайды. Жаста болса, бас болып жүрген білім ордасының директоры Жеңіс Шамсудинұлы сөзімен тақырыпты түйіндесек.
«Білім – болашақ дамуының кілті. Білім арқылы бәсекеге түсу, білім арқылы озу – заман талабы. Өйткені, ғылым дамымай дүние дамымайтыны айқын. Сондықтан да төртінші өнеркәсіптік революция – осы кезге дейінгі адал еңбектің жемісін көретін кезең десек те болады. Алайда, жаңа технология алып келетін жаңа дәуірде оның барлығы адамзаттың қолынан шығатынын ұмытпағанымыз жөн. Яғни, адами капиталдың сапасын арттыру бүгінгі ұстаз борышы».
Әбдісамат ӘБДІШ.