» "Ақиқаттың ақыны" атты облыстық жас ақындар сайысы өтті

"Ақиқаттың ақыны" атты облыстық жас ақындар сайысы өтті


Кеше
Қызылорда Халық Шығармашылық Орталығы , Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қолдауымен М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі және Кейден ауылдық клубының ұйымдастыруымен"АҚИҚАТТЫҢ АҚЫНЫ" атты ақын, жырау Құлан Алдабергенұлының шығармашылығы және 30 тамыз -ҚР Конституция күніне арналған облыстық жас ақындар айтысы өтті.

 Жүз шайырды құндақтаған қасиетті Жаңақорған өлкесі, төл өнерін төріне шығарып, тамырында тектіліктің қаны ойнаған жас ақындардың басын қосып дүбірлі дода жасады.

 Айтыс барысында ойында өрелік жоқ сыр бойының ақындары үкілеген үміттерін арқалап Құлан ақындай тұлғаға мадақ айтып, бұқараның қамын айтуға қамданды.

Баптарын сынға тіккен ақындардың айтысын белгілі шиелілік ақын Кенжебай Жүсіпов төрағалық еткен құрамында Абибулла Шерімбетов пен Уалихан Ибрагимов сынды өнер мен әдебиет майталмандары бар қазылар алқасы бағалады.

Бас жүлдені жайылмалық жас ақын Мұхамедәли Абдуллаевқа  табыс етілді(Жетекшісі Нурлан Жапеков). Тағы бір жерлес айтыскеріміз Айбек Шекербек жүлделі үшінші орынға ие болғанын қуанышпен айта өту керек.

1- орынды жалағаштық Мейіржан Қартбай, 2- орынды қызылордалық Ұлықбек Бектай жеңіп алды.

Айтысқа қатысып, сәл жолдары болмай қалған Азамат Тәуекел( Жаңақорған ауданы),Бағдәулет Әбілдаев. Қызылорда қаласы,
және Нұрберген Тынысбек (Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы) ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды.


---
24 тамыз 2022 ж. 229 0