№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » » “Текті сөздің төресі-терме” облыстық оқушылар арасындағы термешілер байқауы өтті

“Текті сөздің төресі-терме” облыстық оқушылар арасындағы термешілер байқауы өтті


Қарт Қаратау бөктеріндегі қасиетті жыр мұраны халық жадында жаңғырта отырып, Сыр сүлейлерінің есімдерін ұрпақ санасына сіңіру.


Жыршы-жырау олардың бүгінгі өнердегі үлес салмағын сараптау, жыр әлеміне жаңа есімдер ашу мақсатында балалар жылы аясында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, Қожамберді ауылдық клубының ұйымжастырумен, Ызғар елді мекенінде ашық аспан астында даңқты өнер иелері Құлан Алдабергенұлының және Базар Оңдасұлының шығармашылығын насихаттауға арналған «Текті сөздің төресі - терме» атты жыршы-термешілердің облыстық байқауы өтуде. Байқауды Қожамберді ауылдық округ әкімі ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қарт Қаратаудың бөктері мен айдынды Арал теңіз арасында даңқты өнер иелерінің ғұмыр кешіп, ұрпаққа мол мұра қалдырып кеткені баршаға аян.Сондай қайталанбас өнер иелері Сыр сүлейі Базар Оңдасұлы мен ақын, жырау Құлан Алдабергенұлы.

Олай болса, балалар жылы аясында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, даңқты өнер иелері Құлан Алдабергенұлының және Базар Оңдасұлының шығармашылығын насихаттауға арналған «Текті сөздің төресі - терме» атты жыршы-термешілердің облыстық байқауын Қожамберді ауылдық округінің әкімі Сейтқасымов Нұрқасым байқауды ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.




22 шілде 2022 ж. 1 963 0