Наурыз – тіршіліктің бастауы, жаңарудың негізі. Күн мен түн теңеліп, табиғат түрленген шақта ежелгі дәстүрімізден танбай алты алаштың баласы қуанышпен көрісіп, бір дастарханда бас біріктіріп, есен-саулық сұрасып жатамыз. Міне, осындай ғажап дәстүр биыл да жалғасын тауып, «Руханият» орталығының ауласында...
Бүгінгі қоғамда алаяқтық көріністері – көзге көрінбей-ақ зар қақсатып кетер қауіптілігімен алдыңғы орынға шықты. Жыл басынан бері бір Алматы қаласының өзінде 9 мыңнан астам алаяқтық дерегі тіркеліп, келтірілген шығын көлемі 9 млрд теңгеге жеткен. Өз өңірімізде де жағдай мәз емес. 2025 жылдың 2 айында...
Қазір ғылымның дамыған заманы, яғни технология мен өнертапқыштық, сондай-ақ өндірістің өркендеген кезеңі. Барлық саланың шарықтау шегі, өрлеуінің баспалдағы осы ғылымнан бастау алады. Өнертапқыштары өрге басқан елдердің ұтары көп, сондықтан мемлекеттің басты міндеті өнертапқыш жастарды қолдауға бағытталады....
Сыбайлас жемқорлықпен күрес әр мемлекеттің межелі міндеті. Себебі сыбайластық етек жайған, парақорлық тамыралған, жемқорлық дағдыға айналған елдерде даму болмайды. Сыбайлас жемқорлық азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімін төмендетеді, халықтың теңдігі мен заңның әділдігіне деген күмәнін еселейді....
Таяу күндері Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел тізгінін қолына алғанына алты жыл толады. Осы уақыт ішінде Қазақстан коронавирус пандемиясынан бастап жаһандық геосаяси шиеленістерге дейінгі көптеген сын-қатерге қарамастан, экономикалық дамуда елеулі нәтижелерге жетті....
Шаңырақ – бірлік пен берекенің, сыйластық пен татулықтың символы. Бұл күн – сүйіспеншілік, құрмет, сенім, өзара көмек, мейірімділік, жанашырлық, анаға құрмет пен ұрпақ тәрбиесін дәріптейтін ерекше мереке. Отбасылық құндылықтарды ұлықтай отырып, жақындарымызға жан жылуын сыйлайық!...
«Ұлттың болмысын киімінен танисың» дейді дана халқымыз. Бабалар аманатын арқалаған асыл мұрамыз – ұлттық киімдеріміз ғасырлар қойнауынан жеткен саф өнердің, талғам мен танымның жемісі. Әр оюы мен зерлі шапаны, бүрмелі көйлегі мен сәукелесі – ұлт рухын бейнелеген өрнек, тарихтың үнсіз шежіресі....